Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледж студенттері облыстық студенттік интернет-конференциясында сәтті өнер көрсетті

Жоғары колледж студенттері М.А. Әлмұхановты еске алуға арналған «Жас зерттеушілердің шығармашылығы – бәсекеге қабілетті мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесі» атты IV студенттік интернет - конференцияға қатысты.

Аталған конференцияның мақсаты колледж студенттерінің зерттеу әлеуетін анықтау, елдің үдемелі индустрияландырылуы жағдайында мемлекеттің дамуы үшін болашақ мамандардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

Колледждің «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Аяужан Әділбек аталған конференцияда жоғары санатты құқықтық пәндер оқытушысы А.Т. Адайханованың жетекшілігімен 3 орын алды.

«Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Аяжан Әубәкірова заң ғылымдарының магистрі С.А. Мужчильдің жетекшілігімен «Зерттеудің өзектілігі» үшін грамотасымен марапатталды.

Конференцияға қатысушылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Біздің студенттер мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Жаңа ғылыми табыстар тілейміз! 

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo