С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінің студенттері ШҚО Полиция департаментінің оқу криминалистік полигонында болды. Іс-шара ШҚМУ мен ШҚО Полиция департаменті арасындағы меморандум аясында өтті.
Жедел-криминалистикалық басқарма қызметкерлері студенттерге өз жұмыстары туралы айтып берді. Қылмыс болған орындағы криминалистердің тексеру жүргізу әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Студенттер сапардан мол мағлұмат ала алды. Олар теориялық білімдерін іс-тәжірибелік дағдылармен толықтырғандарын айтты.
Баспасөз қызметі