С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде «Темекінің денсаулыққа зияны» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараны жастардың «Нұрсалауат» денсаулық орталығы ұйымдастырды.
Ұйымның әлеуметтік еңбеккері С. Әнуарбекова темекінің денсаулыққа, әсіресе репродуктивтік жүйеге зияны туралы жан-жақты айтып берді.
Семинар қорытындысында колледж оқушылары салауатты өмір салтын ұстанып, темекі өнімдерін пайдаланбауды ұйғарды.
Баспасөз қызметі