Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде 2 және 3 курс білім алушыларының ашық сабақтары өтті

16-21 қараша аралығында Жоғары колледждің «Әлеуметтік гуманитарлық пәндері, экономика және құқық» пәндік-циклдік бірлестігінің пәндік апталығы өтті.

Апталық аясында «Құқықтану» мамандығының 2-ші және 3-ші курс студенттері арасында ZOOM платформасы арқылы ашық сабақтар өткізілді.

Ашық сабақтарға колледж әкімшілігі тарапынан колледж директоры С.Д. Өтепов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Т. Төлегенова, колледж әдіскері Ж.К. Қарсақбаева және пәндік-циклдік бірлестіктердің жетекшілері және колледж оқытушылары қатысты.

«Әлеуметтік гуманитарлық пәндері, экономика және құқық» пәндік-циклдік бірлестігінің пәндік апталығы аясындағы оқытушылар А.Д. Қылиманова «Принятие наследства», Ш.Ж. Жасұзақова «Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру», А.К. Қабдолла «Адамзат болашағы», С.А. Мужчиль «Уголовное правонарушение в сфере экономической деятельности», А.Т. Адайханова «Басты сот талқылауы», Л.Е. Ледовских «Аудит финансового положения предприятия», Ж. Құрмет «Макроэкономикалық көрсеткіштер» тақырыбында ашық сабақтарды өткізді.

Ал, пәндік апталық мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тексеру, бағалау, жүйелеу және тәжірибеде қолдана алуын дамыту.  

Ашық сабақтар барысында студенттер өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді және белсенділік танытып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолданып, онымен ұштастыра білді.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo