2019-2020 оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжінде өткен жылмен салыстырғанда бірінші, жоғары санатты және академиялық магистр дәрежесі бар оқытушылар саны 29%-ға артты.
24 мұғалімнің магистр дәрежесі бар, үш мұғалім магистр дәрежесін алу үшін оқуларын жалғастыруда.
Соңғы үш жылдағы Жоғары колледж оқытушыларының сандық және сапалық құрамының динамикасы ұжым 38-ден 59 адамға дейін артқанын көрсетеді. Оқытушылар санының өсуі студенттер санының көбеюімен байланысты.
Барлық оқытушылардың базалық жоғары білімі бар. Мұғалімдердің орташа жасы – 34 жас.
Жоғары колледжде «Педагогтардың біліктілігін арттыру перспективалық жоспары» жасалды.
Ағымдағы оқу жылында 24 мұғалім «Кәсіпқор» холдингі» ҚЕАҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АБҰ Педагогикалық шеберлік орталығы базаларында біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Баспасөз қызметі