- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Елбасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурызда елімізде алғыс айту күні аталады.
Мереке С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжінде де аталып өтті.
Колледж кураторлары бұл күнге байланысты топтарымен тәрбие сағатын өткізіп, қабырға газеттерін шығарды. Студенттер өз алғыстарын тек ауызша ғана емес, сонымен қатар арнайы жәшікке группаластары мен ұстаздарына деген рахмет хаттарын жазу арқылы білдірді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжі