С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде әдістемелік кеңес отырысы ZOOM платформасында онлайн нұсқада өтті.
Кеңесте «Мемлекеттік емтихандарға дайындалу және қабылдау жолдары», «Оқытушылардың біліктілік санатына өтуі және біліктілікті арттыру курстарының қорытындысы», «Колледж оқытушыларының оқу-әдістемелік құралдарын жоспарлауы, жасау жұмысының қорытындысы» сұрақтары қаралды.
Бірінші сұрақ бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Т. Төлегенова алдағы мемлекеттік емтихандарға дайындық, өту жолдарын талдады.
«Оқытушылардың біліктілік санатына өтуі және біліктілікті арттыру курстарының қорытындысы» туралы колледж әдіскері Ж.К. Қарсақбаева баяндады.
«Колледж оқытушыларының оқу-әдістемелік құралдарын жоспарлауы, жасау жұмысының қорытындысы» туралы ПЦК жетекшілері ақпараттандырып, кеңінен тарқатты.
Жалпы мәселелер ұжыммен талқыланып, шешімдер ұсынылды.
Кеңесті ұйымдастырушылар қабылданған шешімдердің орындалуы жіті қадағаланатынын атап өтті.
Жоғары колледж