Төрт кезеңнен тұрған конкурсқа 13 байқаушы қатысты. «Дефиле» кезеңінде қыздаратысушылар ұлттық киімдермен өтіп, киім кию үлгісі мен қазақ қыздарының биін көрсетті. Интеллектуалды кезеңде байқаушыларға салт-дәстүр мен мәдениет туралы сұрақтар қойылды. «Талант» кезеңінде қыздар әр сала бойынша икемділіктерін биден бастап, шығармашылық көріністерге дейін көрсетті. «Кербез жүру мәнері» кезеңінде қатысушылар әр түрлі материалдардан өз қолдарымен жасалынған көйлектерді киіп шықты.
Қазылар алқасына тек сырты емес, сонымен қатар іші сұлу, қазақ тілін, дәстүрін, тарихын, әдебиеті мен әдет-ғұрпын білетін жеңімпазды таңдау қиынға соқты. Байқау қорытындысы бойынша Екатерина Богданова «Жоғары колледж аруы», Карина Кобжанова «бірінші вице-ару», Ксения Корякова «вице-ару» атанды.
Студенттер мен қонақтарға қазақтың салт-дәстүрі, аймақтық мәдениеті мен құндылықтары таныстырылған ұлттық киімдер ұсынылды.
ШҚМУ Жоғары колледжі