Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде Кураторлар кеңесінің кезекті онлайн отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Таранованың төрағалығымен Кураторлар кеңесінің онлайн отырысы өтті.

Ол кураторларды колледждегі кезекшілік кестесі туралы ақпаратпен таныстырды, ішкі тәртіп ережелерін еске түсірді, сонымен қатар студенттер арасында коронавирустың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды.

Колледждің Кураторлар кеңесінің төрағасы С.А.Мужчиль кураторларға 2021 жылғы мерейтойлық даталар туралы айтты. Олардың арасында спикер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын ерекше атап өтті. Кураторлар өздерінің академиялық топтарымен тәрбие жұмысын жүргізген кезде қолдана алатын ағымдағы жылдың маңызды оқиғалары туралы презентациялар көрсетілді.

Кездесу соңында қатысушылар студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға арналған Жоғары колледжде бір күн бұрын өткен онлайн дөңгелек үстелді талқылады.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo