Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде Кураторлар кеңесінің отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Кураторлар кеңесінің отырысын өтті.

Кураторлар кеңесінің отырысын колледж директоры С.Д. Өтепов бастады, ол әрбір куратордың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап өтті, сондай-ақ колледж әзірлеген Академиялық адалдық ұғымы мен ішкі тәртіп ережелерін қамтитын «Табысты студенттің ережелері» туралы айтты.

Отырыс аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Таранова мен колледж Кураторлар кеңесінің төрағасы С.А. Мужчиль куратор сағаттарына арналып әзірленген «Адалдық және толеранттылық – тәртіптің негізі» тақырыбы бойынша материалдарды көрсетті.

Студенттердің онлайн сабақтарға қатысуына көп көңіл бөлінді. Бұл мәселе бойынша әр куратор талдау жүргізді.

Отырыс оқу жылының басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі оқу кезеңіндегі тәрбие жұмысының қорытындысын шығарумен аяқталды.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo