Облыстық тілдерді дамыту басқармасы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжінде «Емле ережелері когнитивті тәжірибесінің негіздері» атты акция өткізді.
Акция латын қарпіндегі жаңа әліпбимен және емле ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталды.
Іс-шарада лингвистикалық орталық жаттықтырушысы Л. Әбілмәжінова латын қарпіндегі емле дағдыларын және оқу техникасын қалыптастыру жаттығуларын жүргізді.
Оқушылар жаңа ақпаратты қызыға қабылдады, сондай-ақ оларға іс-шарада қолданылған ойындық әдістерді ұнатты.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжі