Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде «Менің жүрегімнің колледжі» атты эссе байқауы өтті

30 қыркүйектен 5 қазанға дейін С. Аманжолова атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің студенттері арасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығына арналған «Менің жүрегімнің колледжі» тақырыбында эссе байқауы өтті.

Байқауға 1-4 курс студенттері қатысты, байқау жеңімпазы НО1А тобының студенті Мадина Әйілбекова болды, оның жұмысын білікті қазылар алқасы жоғары деңгейде бағалады. Байқаудың қалған қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кету керек, студенттердің жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды: тақырыпты ашу, бейнелілік, мазмұндаудың мәнерлілігі, сөздіктің әртүрлілігі, сауаттылық (орфография, пунктуация), баяндаудың бірегейлігі, плагиаттың болмауы.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығы – бұл техникалық және кәсіптік білім берудің педагогикалық қоғамдастығы үшін ғана емес, сонымен қатар біздің Жоғары колледждің, техникумдар мен колледждердің түлектері – миллиондаған жұмысшылар мен қызметшілер үшін де айтулы күн екенін атап өткіміз келеді.

«Менің жүрегімнің колледжі» эссе байқауының барлық қатысушыларын, ТжКБ барлық қызметкерлері мен оқытушыларын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығымен құттықтаймыз!

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo