С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, экономика және құқық апталығы аясында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік викторинасы өтті.
Оған құқықтану мамандығының 1, 2 курс студенттері қатысты.
1 кезеңде командалар өздерін таныстырды, 2 кезеңде заң тақырыбында сұрақтарға жауап берді, 3 кезеңде логикалық тапсырмаларды шешті.
Қос команда да жақсы нәтиже көрсетіп, 1 курс жеңімпаз атанды.
Баспасөз қызметі