Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде облыс оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған онлайн Ашық есік күні өтті.

Мектеп түлектері үшін колледж, ғылым, оқу және студенттік өмір, біздің студенттерге қолжетімді қосымша мүмкіндіктер туралы ақпарат берудің қызықты форматы дайындалды. ЖОО мен Жоғары колледждің заманауи зертханалары мен кабинеттеріне виртуалды экскурсия жүргізілді.

Онлайн кездесу барысында оқуға түсушілер үшін жеңілдіктер, колледжге түсу мерзімдері мен шарттары, оқыту формалары мен оқу-өндірістік үдерістерге қатысты мәселелер бойынша жауаптар берілді.

Сонымен қатар, Жоғары колледж Өскемен қаласы №5, №9, №1, Герасимовка орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жеке онлайн кездесулер өткізді.

№5 орта мектептің директоры Наталья Карповаға және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әсем Сембиноваға, №9 орта мектептің директоры Елена Мартыневскаяға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Түлкібаеваға, №1 орта мектептің директоры Әділ Сайлаубекке, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айжан Смағұловаға және Герасимовка орта мектебінің директоры Дархан Маушановқа, осы мектептің педагог-психологы Ирина Никифороваға, сондай-ақ барлық облыс мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмысындағы ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo