Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде онлайн Ашық есік күні өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжде «Старт Профи-Shygys» стенд-моб форматындағы онлайн Ашық есік күні өтті.

Тікелей эфир көрермендері колледж тарихы 1990 жылдардың аяғынан басталатынын білді. С.Аманжолов атындағы ШҚУ колледжі алғаш рет ШҚМУ ректорының бұйрығымен 1998 жылы С.Тайбағаров атындағы көпсалалы колледж ретінде құрылды. Ал 2016 жылы колледж С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі ретінде жаңа форматтағы колледж болып қайта құрылды.

Колледжде мамандар даярлау үшін білім беру қызметін жүргізудің лицензиялық талаптарына сәйкес келетін жағдайлар жасалған.

Колледждің жетістіктері – бұл ең алдымен оның түлектерінің жетістігі. Тікелей эфир көрермендеріне Жоғары колледждің ең табысты түлектері туралы айтылды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі талапкерлерге тәжірибелі оқытушылар командасын, әрбір білім алушыға жеке көзқарасты, жарқын студенттік өмірді, практика базаларын және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді ұсынады!

Жоғары колледждің жетістіктері басшылықтың сауатты жұмысының, әрбір қызметкердің қажырлы еңбегінің және біз мақтан тұтатын студенттеріміздің жемісті жұмысының арқасында ғана мүмкін болды!

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo