С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжіндегі ата-аналар жиналысы әр оқу тобында қашықтық форматта өткізілді.
Аталған іс-шаралар колледждің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Жиналыстың күн тәртібінде студенттердің үлгерімі, оқу процесінің кестесі, бітіруші курс студенттері үшін жұмысқа орналасу және ЖОО-ға түсу мәселелері қаралды.
Әр жиналысқа куратор мен ата-аналардан басқа, осы топта сабақ өткізетін барлық оқытушылар, сондай-ақ колледж әкімшілігі қатысты.
Жиналыс кезінде ата-аналар студенттердің кәсіптік практикадан өту мәселелеріне және сабақтарды қашықтан өткізу ерекшеліктеріне көбірек қызығушылық танытты. Ата-аналардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Жоғары колледж