Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде студенттерге Қазақстанның «жасыл экономикасы» туралы дәріс оқылды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде студенттерге «Посткеңестік кезеңдегі Қазақстанның «Жасыл экономика» идеясы» тақырыбында онлайн дәріс өтті.

Аталған іс-шараны оқытушы К.Е. Мәукенова оқушылардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастыру мақсатында өткізді.

Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі «Жасыл экономика» идеясын іске асыра бастаған алғашқы ел болды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өз дамуында елеулі табыстарға қол жеткізді. Осындай жетістіктердің бірі «Жасыл экономикаға» көшу болды.

2013 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев елдің «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын бекітті. Бұл құжат қоршаған орта мен табиғи ресурстарға барынша ұқыпты қарау кезінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жаңа формациядағы экономикаға көшу жөніндегі қайта құрулар үшін негіз қалады.

Дәріс барысында оқытушы студенттердің назарын «Жасыл экономика» – бұл жаһандық экологиялық проблемаларды өзара тиімді негізде шешу тәсілі, онда өндіріс экологиялық-экономикалық тиімділік тұрғысынан бағалануы тиіс екендігіне аударды.

Іс-шара соңында студенттер ақпарат өте қызықты және пайдалы болғанын атап өтті.

Жоғары  колледж

Қазақ
× You found a Typo