Жоғары колледжде жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша студенттерге арналған қысқа дәріс-тренинг өтті.
Аталмыш іс-шараны 8 сәуірде колледж психологы Г.Б. Рыспаева ұйымдастырды.
Дәріс-тренингке Жоғары колледж Студенттер үйінің тұрғындары қатысты. Оларға суицидтің себеп-салдары, жасөспірімдіер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың ерекшеліктері және оның алдын алу жолдары жайлы ақпарат берілді. Студенттер іс-шара барысында жүргізілген ойындар мен жаттығуларға белсенді қатысты.
Іс-шара соңында қатысушылар тақырып бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Ұйымдастырушылар тарапынан барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Жоғары колледж