Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде Тілдер күніне арналған эссе және мәнерлеп оқу байқауы өтті

Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде қазақ және орыс топтары арасында сырттай эссе жазуға және ағылшын тілінде мәнерлеп оқуға конкурс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ тілінің беделін көтеру, әдебиет пен мәдениетті насихаттау, өз халқы мен еліне деген сүйіспеншілікті ояту, сондай-ақ әр ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіну үшін басқа тілдерді құрметтеу және олардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқауға 1 курс студенттері қатысты.

Қазақ топтары арасындағы «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» шығармалар байқауының қорытындысы:

I орын – Дархан Дайырбеков, ОПБ9 тобының студенті,

II орын – Аяужан Шәкірханова, НО1Б тобының студенті,

III орын – Салтанат Бауыржанова, ОП9Д тобының студенті.

Орыс топтары арасындағы «Менің өмірімдегі тілдің рөлі» эссе байқауының нәтижелері:

I орын –Тимур Исхаков, ОП9А тобының студенті және Дарья Ушакова, «Риддер көпсалалы колледжі» КММ студенті,

II орын – Дарья Данилова, ОП9Б тобының студенті,

III орын – Лия Бегунова, ОП9Г тобының студенті.

Ағылшын тілінде «Менің өмірімдегі тілдің рөлі «мәнерлеп оқу байқауының нәтижелері:

I орын – Аружан Ахметкәрімова, ОП9Г тобының студенті.

II орын – Алина Жақабаева, ОП9Г тобының студенті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы грамоталармен марапатталды. Қалған студенттерге байқауға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі Тілдер күнін жыл сайын атап өтеді.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo