Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде үздік портфолио иегерлері анықталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжінде педагогтардың кәсіби дамуы мен құзыреттілігін арттыру мақсатында онлайн режимде «Үздік портфолио» байқауы өтті. 

Байқауға Жоғары колледж оқытушылары қатысып, өздерінің конкурстық жұмыстарын ұсынды, олардың ішінен жеті бағалау критерийі бойынша үздік портфолио таңдалды. 

Байқаудың қорытындысын Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Әлима Алипованың төрағалығымен өткен конкурстық комиссия қорытындылады.

Конкурстық комиссия құрамына Жоғары колледж директоры Сәрсен Өтепов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Төлегенова, педагогикалық бөлімнің меңгерушісі Назгүл Исабаева, техникалық бөлімнің меңгерушісі Қарлығаш Бағдатова енді.

Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталып, Жоғары колледж оқытушылары дипломдармен марапатталды. "Педагогтың үздік портфолиосы" номинациясында Шаттық Дәулетхан, Савелий Мужчиль, Асфира Рахимова, "Үздік портфолио мазмұны" номинациясында Жадыра Қажыбаева, Айнұр Адайханова, Гүлзада Мұсабаева марапатталды.

Байқаудың қалған қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

"Үздік портфолио" байқауының барлық жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Ж. Қарсақбаева,

Жоғары колледж әдіскері

Қазақ
× You found a Typo