С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде «Жаңа білім беру мазмұнындағы практикалық және теориялық сабақтарды қашықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбы аясында Жас мамандар мектебінің отырысы өтті.
Жас мамандар мектебі отырысының күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша колледждің «Дене шынықтыру және спорт» пәндік-циклдік бірлестігінің жетекшісі А.К.Жұмагұлова «Қашықтан оқыту нысанында, Canva бағдармаласының көмегімен бейне сабақ және практикалық сабақтарды Ютуб желісіне сілтеме жасай отырып құру» тақырыбында және бірлестік оқытушылары Ш. Дәулетқан «Қашықтан оқытудың дәріс және практикалық сабақтарын онлайн ұйымдастыру» тақырыбында және Н.Қ. Сағымғалиева «Қашықтан оқыту нысанында дәріс және практикалық сабақтарды Class flow бағдарламасы арқылы онлайн ұйымдастыру» тақырыбы аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, тақырыптарды тереңінен ашып, қашықтан оқытуда қолдануға болатын жаңа оқыту бағдарламаларымен жас мамандарды таныстырды.
Бұнымен қоса, Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Таранова жас мамандарға сабақ барысында қолдануға болатын психологиялық, релаксациялық жаттығулар кешенін іс-жүзінде көрсетті.
Отырыс соңында колледж әдіскері Ж.К. Қарсақбаева жас мамандар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруға арналған кеңестерін берді.
Жоғары колледж