Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде жас педагогтардың онкүндігі өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжінде жас педагогтардың онкүндігі интерактивті жаттығулар мен квест-ойындары бар ашық сабақтар өткізумен, «Тәжірибе алмасу сағатын», Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» шығармасы бойынша «Әдеби сағат» өткізумен аяқталды.

Онкүндік онлайн режимде 24 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтті.

Онкүндік аясында жас оқытушылар – Тоғжан Талғатбекқызы Абзулдинова «Geographical position of the USA» (АҚШ-тың географиялық орналасқан жері) тақырыбында, Эльмира Нұриманқызы Рамазанова «Операциялық жүйе түсінігі және функциялары. Файл құрылымы. Операциялық қабықшалар», Құралай Еркінбекқызы Мәукенова «Компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы» («Понятие о компьютерных сетях и их назначение») тақырыбы бойынша ашық сабақтар өткізді.

Жас оқытушылардың ашық сабақтары басынан аяғына дейін өте қызықты болды, өйткені сабақтарда тақырыптар бойынша теориялық шолулар беріліп қана қоймай, сайттағы интерактивті жаттығулардан бастап заманауи қашықтан оқыту әдістері, learningapps.org квест-ойындары қолданылды, колледж оқушылары сабақ кезінде оқу процесіне өте белсенді қатысты.

Сонымен қатар, онкүндік аптасында жас педагог Жадыра Кенжеханқызы Қажыбаева «Оқыту үрдісіне қойылатын талаптар мен заманауи сабақтың моделі» тақырыбында «Тәжірибе алмасу сағатын» өткізді. Іс-шарада оны жоспарлаудан бастап оқытудың заманауи әдістері мен қағидаттарын қолдануға дейінгі заманауи сабақ моделі бойынша талдау жасалды. Сондай-ақ, Жадыра Кенжеханқызы Жүсіпбек Аймауытовтың «Оқытудың кешенді тәсілдері» атты педагогикалық еңбегі мен оқытудың жаңа тәсілдерін байланыстырып, оқытушыларды қазіргі сабақтың мазмұнына қойылатын негізгі талаптармен таныстырды.

Сонымен қатар, апта ішінде Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романына арналған «Әдеби сағат» өтті. Сағатты Жоғары колледж оқытушысы Шынар Қайырғазықызы Нәбиева өткізді, ол романның басты кейіпкері мен білім алушылармен, оқытушылар мен колледж әкімшілігімен бірге параллель саяхат жасады.

Қорытынды конференцияда директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Бибігүл Төлегенқызы Төлегенова мен колледж әдіскері Жадыра Қапиолдақызы Қарсақбаева өткен онкүндіктің қорытындысын шығарды.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo