Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжде жастардың зиянды әдеттері туралы кураторлық сағаттар өткізілді

Жоғары колледжде "Жасөспірімдер және зиянды әдеттер" тақырыбында кураторлық сағаттар өткізіледі. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Аталмыш іс-шара сәуір-мамыр айларында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес және академиялық топ кураторларынің ұйымдастыруымен өтуде.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр. Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да – қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел.

Маскүнемдік – адам ағзасына физикалық және психологиялық зиян келтіретіндей дәрежеде алкогольді сусындарды күнделікті және тұрақты қолдану. Маскүнемдікдің белгісі адам алкогольдік ішімдіктерді қолданғаннан кейін өзін-өзі бақылауы бұзылып, ішімдікке тәуелді болады. Ішімдік, нашақорлық, темекі – адам организміне өте қауіпті.

Іс-шара соңында қатысушылар тақырып бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Ұйымдастырушылар тарапынан барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo