Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледждің екі студенті «WorldSkills Shygys-2020» чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Колледждер базасында студенттер, ТжКБ ұйымдарының түлектері және Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарының жұмыс істейтін жастары арасында «WorldSkills Shygys-2020» чемпионатының стандарттары бойынша студенттерге арналған практикалық оқыту өткізілді.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі атынан «WEB дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Графикалық дизайн» құзыреттіліктері бойынша үш студент қатысты.

«WorldSkills Shygys-2020» чемпионатының стандарттары бойынша практикалық оқу қорытындысында Жоғары колледж студенттері Ернұр Кеңесбеков «WEB дизайн» құзыреттілігі бойынша және Уалхан Әлібек «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың қола медалі мен ІІІ орын үшін дипломын иеленді.

Сонымен қатар, студент Нұржан Болатов «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Колледж оқытушылары Нұржан Әлиев, Эльмира Рамазанова, Құралай Мәукенованың жұмыстары алғыс хаттармен атап өтілді.

Біз барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo