Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары колледжі «СтартПрофи – Shygys» – 2021 стенд-мобына қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжі облыс мектептерінің 9-11 сынып түлектері мен жұмыссыз жастарға арналған «СтартПрофи – Shygys»-2021 стенд-мобына қатысты.

Бұл іс-шараға облыстың 11 колледжі және Катонқарағай, Үржар аудандарының және Аягөз қаласының мектеп оқушылары қатысты.

Бұл іс-шара аясында оқушылардың назарына Жоғары колледж жайлы және оның мамандықтары, әлеуметтік серіктестері, жетістіктері мен үздік түлектері, түлектерді жұмысқа орналастыруы, үйірмелері мен спорттық секциялары, С. Аманжолов атындағы ШҚУ жайлы және т.б. ақпараттарды қамтитын бейнеролик пен колледж жайлы буклеттер, оқушыларға арналған «Қара жәшік» ойыны ұсынылып,  іс-шара соңында оқушылардың оқуға түсу жайлы сұрақтарына жауаптар берілді.

Айта кететін жайт, атылған іс-шара облыстың кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен ZOOM бағдарламасында сәуір айының 30-на дейін жалғасады.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo