2017 жылдың қазан айының 18-нде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жоғары колледжінің 2 курс студенттері Матаев Серікбол мен Шалқарова Ақбота Қазақстан-Өскемен телеарнасының таңғы «Рауан» бағдарламасының қонағы ретінде шақырылып, қазақтың көрнекті лингвисті, тілші, ойшылы, түркітанушы ғалымы С.Аманжолов жайлы жас ғалымдар ретінде өз білімдері мен ойларын бөлісіп қайтты.
С.Аманжолов 1903 жылы Семей облысы Егінсу деген жерде дүниеге келген. 1916 жылы Катон-Қарағайдағы орыс-қазақ мектебін, Өскемен қаласындағы қалалық реальдық училищені аяқтаған. Өмірінің соңына дейін ғылыми – педагогикалық қызметтен қол үзбеген ғалым. Қазіргі ШҚМУ Сәрсен Аманжолов атында.
С.Аманжоловтың қазақ білімінде алатын орны, С.Аманжолов атындағы Университетінің 65 жылдық тарихы жайлы, қызметі, ғылыми еңбектері туралы сөз қозғалды. Артына қалдырған мол мұрасы арнайы зерттеуді қажет ететіндігі айтылды.
Жоғары колледж оқытушысы Ә. Бахтияров