Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жоғары курс жастары «Серпін» бағдарламасымен оқуға түскен ізбасарларына өз студенттік оқиғаларын айтып берді

Маркетинг, мәнсап және жұмысқа орналастыру орталығы «Серпін» штабының қызметкерлері «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының аясында Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарынан  2020 жылы оқуға түскен жастармен тікелей эфирде кездесу өткізді.

Штаб жетекшісі  Л.Т. Байжұманова презентациялық слайдтарын қолдана отырып, жастарды атақты лингвист, түркітанушы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ тарихымен, «Серпін» студенттерінің өмірімен, университеттің оқу ережелерімен және Студенттік үйлерде тұру тәртібімен таныстырды.

Кездесу барысында студенттер өмірінің түрлі салалары бойынша виртуалды экскурсия өткізілді, оқу ордасының табалдырығын жаңа аттаған жастар университет, факультеттер құрылымымен танысты.

Оқу орасының белсенді студенттері – Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Марлен Әбубәкір, «Биология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Айдана Болат, «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Диана Батырбек өздерінің «Student story» хикаяларын баяндап, ШҚУ білім алушылар қауымында нағыз студент болу тәжірибесімен бөлісті, «Жаңа толқын» өкілдерінің барлық сұрақтарына толық, тыңғылықты жауап беріп, жатақхана жағдайындағы студенттік өмір туралы сыр шертті, 2018, 2019, 2020 жылдар түлектерінің жұмысқа орналасуы және жетістіктері туралы фото-слайдтар көрсетілді.

Жоғары курс студенттерінің әрқайсысы оқу ордасының табалдырығын аттаған кезде жылы қарсы алып, әлі күнге дейін қолдау көрсетіп келе жатқан университет ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлына, проректорлар Ровнякова Ирина Владимировнаға, Досым Ерболатұлына, факультет декандары мен кафедра меңгерушілеріне, кураторларына шексіз алғыстарын білдірді.

Университеттің, қала мен облыстың қоғамдық, шығармашылық өміріне қатысу үшін нәтижелі әдістерімен бөлісті. Әңгіме барысында «ШҚУ студенті» болып қалыптасудағы өткен жолын айтып, өзінің университетін зор мақтан тұтатынын білдірді, университеттің соңғы жылдардағы жетістіктерін және осы жетістіктер студенттердің толыққанды өмір сүруін қамтамасыз етудің кепілі екенін атап өтті.

1 курс білім алушыларында «Қандай спорттық секциялар мен үйірмелер бар, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін қалай үміткер боламын, әскери кафедраға қалай түсуге болады, карантиндік режим аяқталған жағдайда Өскемен қаласына қалай келуге болады?» деген сұрақтар туындап, жоғары курс білім алушылары барлық сұрақтарға жауап берді. Оңтүстік өңірлерден келген жастардың Шығыс Қазақстанның табиғаты мен қасиетті жерлеріне қызығушылығы, Шығыс өңірінің отандық өндіріске  қосып отырған экономикалық үлесі туралы сөз қозғауы және Түркістан өңірінен оқуға түскен студенттің «Енді мен қанша ұзақ болса да Абай, Мұхтар Әуезов аталарымыздың туған өлкесіне барып, білім алудан еш қорықпаймын!» деген сөздері аса толғанысты сәттерге айналды.

Кездесудің соңында бірінші курс студенттері осындай тікелей эфирлердің жиі ұйымдастырылып тұруына тілек білдірді.

 

Баспасөз орталығы

 

Қазақ
× You found a Typo