Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жолдауға – қолдау/ Елімізді экономикалық-саяси жаңғыртуға бағдарлап отыр

Бүгін, яғни 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Президент мемлекеттік басқару жүйесін жедел түрде өзгерту керектігін айтты. Жастарды тарту қажеттігін, шенділердің жұмысы енді балдық жүйемен бағаланатынын айтып өтті. Қазақстанда Стратегиялық даму және жоспарлау жөніндегі агенттік құрылып, Статистика комитеті енді аталған агенттіктің құрамына кіретін болды. Президент елімізде мемлекеттік аппарат қысқаратынын айтты. Сондай-ақ, келесі жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізілетінін де атап өтті.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлы-балдық шкаланы енгізу жоспарланып отырғанын сөз етті. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 процентке көтерілетінін айтты. Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және халықтың табысын сақтап қалу керек екендігін, осы орайда дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданғандығын атап өтті. Сонымен қатар, 4,5 млн. астам азамат 42500 теңге көлемінде көмек алған, оған 450 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалған. Осының өзі – мемлекетіміздің халыққа деген жанашырлығының бірі.

Нақты жалпы ішкі өнімнің өсімі 2020 жылы 4,1% деңгейінде болжалып отыр. 2024 жылы ол 4,7%-ға жететіндігі, 5 жылда ЖІӨ өсімінің орташа жылдық қарқыны 4,4% құрайтындығы жоспарланып отырғаны еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болашағының зор екендігін көрсетіп отыр.

Осы орайда, ең алдымен назар аудартқаны – Жол­даудың елімізді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға, аза­мат­­тардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына бағдарлануы болды. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы экономикалық тетіктермен бекітілгені, атап айтқанда сандық экономиканы, туризмді, шағын кәсіпкерлікті дамытуға одан ары  күш салу керек екендігін, нақты жоспарлардың белгіленгені және орындалуын қадағалайтын қажетті бақылау жүйесімен астасқанын ерекше айтып өтті.
Осы шара­лар­дың бәрі қазақстандықтардың өмір са­пасының артуына кепіл болары сөз­сіз.

Мемлекет басшысы Жолдауының еліміз үшін, мемлекетіміздің болашағы үшін өте маңызды болғаны қуантады.

А.А.  Апышева,

Қаржы және есеп кафедрасының

меңгерушісі, э.ғ.к

Қазақ
× You found a Typo