Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Amanzholov University-де экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Серік Өмірбаевтың оқыту семинары өтті. Ол – 175-тен астам жарияланған ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде сегіз оқулықтың, екі монографияның, 13 оқу және ғылыми-практикалық құралдардың авторы. Бүгінде елдегі инновациялық үздіксіз IT-білім берудің көшбасшысы саналатын IT University-дің ректорының міндетін атқарушы лауазымында.

Серік Мәуленұлының семинарының басты тақырыбы – «Жоғары білім беру жүйесіндегі микробіліктілік; тұжырымдама, әдістеме және принциптер». С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы микробіліктілік жаңалықтары мен болон негізгі міндеттемелері, микробіліктіліктің жоғары және бейресми білім берудегі жаңалықтары турасында мәлімет алды. Оған қоса, Серік Өмірбаев өз дәрістерінде оқытушыларға ҚР-ның жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы айтып берді.

Қазақ
× You found a Typo