Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ЖОО түлектері кезекші сыныптарда жұмыс істейтін болады

Жаңа оқу жылында облыс мектептеріне жаңалық енгізілмек, атап айтсақ оқу орындарында кезекші сыныптар ашылатын болады.

Кезекші сыныптарда 3038 педагог жұмыс істейтін болады. Бұл жұмыс үшін мектеп директорлары жас мамандарды – 76 ЖОО түлегін, сондай-ақ педагогикалық колледждердің студенттерін педагогикалық практикаға тартады.

Кезекші сыныптар ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін жұмыс істемек. Бір сыныпта 15-тен аспайтын бала оқиды. Ата-аналардың өтініштері 24 тамызға дейін қабылданады.

– Оқу процесі бетперде режимін және күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып жүргізіледі. Бүгінгі таңда барлық мектептер санитарлық қауіпсіздік (тепловизорлар, санитайзерлер, кіре берістегі қорғаныш төсеніштері, бетперделер, бактерицидті шамдар) және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген. Кезекші сыныптарда санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын оқушылар мен педагогтар температурасы өлшенетін болады, егер ауру белгілері анықталса, педагогтар жұмысқа жіберілмейді, ал оқушылар үйлеріне қайтарылады, – деп хабарлайды ШҚО білім басқармасы.

ШҚО-дағы 261 мектепте 54999 балаға арналған 4332 кезекші сынып ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта облыс мектептерінде кезекші сыныптарда оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: санитарлық талаптар ескеріле отырып, кабинеттерді дайындау, сабақ кестесін жасау, педагогтердің жүктемесі мен еңбекақысын есептеу жүргізілуде.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo