Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жұмыс берушілер ШҚМУ түлектерін жұмысқа шақырды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасында жұмыс берушілер және бітіруші түлектердің қатысуымен «Салалық бағыттар мен кәсіби стандарттар негізінде жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру бағдарламаларын жаңарту перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Алтай филиалының директоры Б. Әубәкіров, «Пасека» шаруа қожалығының директоры В. Қасымбаев, ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Д. Алматова, «Майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы» ЖШС ғылыми қызметкерлері А. Байгепенова, Г. Нажмидин, Шығыс Қазақстан гумманитарлық колледжінің оқытушысы, биология магистрі А. Бөлгібаева, Республикалық өсімдіктер карантині орталығы филиалының энтомологы М. Молдахашева, биология кафедрасы филиалының жетекшісі, Өскемендегі №20 А. Байтұрсынов атындағы мектептің биология мұғалімі Ж. Боранбаева қатысты.

Білім беру бағдарламаларының жетекшісі және менеджерлері оқытудың құзыреттілік ұстанымдары, білім беру бағдарламасын қалыптастыру кезеңдері, оқыту нәтижелерін қалыптастыру және оларға қол жеткізу критерийлеріне тоқталды.

Жұмыс берушілер және түлектер білім беру бағдарламаларын талдады.

Жұмыс берушілер кәсіпорындардағы жұмыстың артықшылықтары туралы айтып, тәжірибеден өткен білім алушылардың жоғары дайындығын атап өтті және келешекте түлектерді жұмысқа шақырды.

Биология кафедрасы тарапынан кәсіпорын қызметкерлеріне кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша докторантура мен магистратураға түсуге ұсыныс түсті.

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo