Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Журналистика мамандығында дуальді оқытудың өзекті мәселелері» атты қалалық ғылыми-әдістемелік семинар

ШҚМУ «Журналистика мамандығында дуальды оқытудың өзекті мәселелері» атты қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

1 ақпанында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Журналистика мамандығында дуальды оқытудың өзекті мәселелері» атты қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға облыстық және қалалық БАҚ өкілдері, оқытушылар және мамандықта оқитын студенттер қатысты.

Семинар модераторы С.Аманжолов атындағы  ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., Картаева А.М. тәжірибе мен теорияны ұштастырып отырған дуальды оқыту оқу орнында екінші жыл белсенді түрде жүзеге асып отырғанын, студенттердің «Дидар» мен «Рудный Алтай» газеттерінің редакцияларында оқып жатқандығын, дуальды оқытуға байланысты мәселелерді талқылауға және ынтымақтастықты дамыту жолдарын одан әрі жалғастыру керектігін атап өтті.

Кафедраның профессоры Абдуллина Л.И. мамандар даярлауда дуальды оқытудың қажеттілігін айтып, оқыту үрдісіндегі нақты жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды.

«Рудный Алтай» газетінің жауапты хатшысының орынбасары Сорокина М.А. дуалды оқыту шеңберінде «Стилистика және редакциялау» пәнін оқыту тәжірибесімен бөліп, редакцияда студенттермен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістері туралы айтып берді.

Қазіргі қазақ журналистикасының беталысы туралы «Дидар» облыстық газетінің «Руханият» бөлімінің меңгерушісі  Иманғали Мейрамтай өз баяндамасында тұжырымдап берді.

«Дидар» облыстық газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі Әбішев Ержан бұқаралық ақпарат құралдарының тілінің ерекшеліктерін талдап, осы саладағы негізгі мәселелерді атап, интернет көздерімен, әлеуметтік желілердегі ақпараттардың орфографиялық және грамматикалық нормалардың сақталмай таралуынның көптігін атап өтті.

Мамандық бойынша қосарлы оқытудың алғашқы тәжірибесінің тиімділігі туралы кафедраның аға оқытушысы  Бекбосынова Г.А. айтты.

Семинар аясында «Журналистика» мамандығы бойынша дуальды оқытудың бірінші кезеңінің ерекшеліктерін анықтауға және жоғары білікті мамандарды даярлауда жоғары оқу орны мен БАҚ арасындағы өзара байластардың ыңғайлы жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

 

Ал, "Журналистика" мамандығы бойынша оқып жүрген студенттерге өзіміздің университеттік БАҚ-тардан: "ШҚМУ имиджі" газетінен және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ресми сайтынан бастау керек. Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, алғашқы іс-тәжірибелерін өзіміздің университеттік БАҚ-тарда алған, тілшілік дағдыларды меңгерген студенттер бүгінде - өңірімізде, елімізде, тіпті жақын шетелде сұранысқа ие журналистер. Сондықтан, студенттерді ынтымақтасуға шақырамыз!

Баспасөз қызметі 

 

Қазақ
× You found a Typo