Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Журналистика» мамандығының оқытушылары мен студенттері халықаралық онлайн конференцияға қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ «журналистика» мамандығының оқытушылары мен студенттері халықаралық онлайн конференцияға қатысты.

Конференцияда АҚШ-тың Мичиган университетінің профессоры Эрик Фридман мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Қарлыға Мысаева баяндама жасады.

Аталған конференция Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының белгілі журналист, Пулицер сыйлығының иегері, профессор Э. Фридманмен жүйелі байланысын айғақтайды. 2019 жылдың қазанында Э. Фридман ШҚУ-да болып, «журналистика» білім беру бағдарламасының студенттеріне дәрістер оқыған болатын.  

Профессор «Жалған ақпарат дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады?» тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара соңында оқытушылар мен студенттер баяндамашыға сұрақ қойып, ойларымен бөлісті.

Эрик Фридман жалған ақпараттардың қоғам үшін орасан зор зиян келтіретініне ерекше тоқталды. Әр ақпаратты бірнеше дереккөзден текесерудің маңызын түсіндірді.

Конференция қатысушылары COVID-19 вирусы туралы, сондай-ақ кейбір дамыған мемлекеттерде ұлт араздығын тудыруға қатысты тарап кеткен жалған ақпараттарды да сөз етті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo