Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жуырда Заңға енгізілген жаңа түзетулер ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім) беру деңгейін де қамтыды

1. Енді студенттердің дуалды жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады.

2. Бекітілген заңнамаға сәйкес уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы норма алынып тасталды.

3. Енді колледждер ақылы негізде қызмет көрсетіп, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында дайындаған тауарларын сата алады.

4. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына қарасты біраз колледждер жұмыс істейді, бірақ бұған дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес ол оқу орындары бюджет есебінен кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс ала алмайтын. Жаңа түзетулерге сәйкес бұл мәселе оң шешімін тапты.

5. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін колледждердің аккредиттеуден өтуіне қатысты талаптар алынып тасталды.

Толығырақ ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің парақшасынан оқи аласыздар: https://facebook.com/story.php?story_fbid=10217753142036538&id=1120704037

ҚР БҒМ

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/145753?lang=kk

Қазақ
× You found a Typo