Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жыл номинациялары

ШҚМУ-дың 2016 жылдың қорытындысы бойынша жасалған номинацияларын назарларыңызға ұсынамыз№

Жыл мерейтойы

* ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

* «Тарих» мамандығының 60 жылдығы

* «Психология» мамандығының 25 жылдығы

Жыл атағы

ШҚМУ-дың қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі Қ.Х. Рахимбердин «Қазақстанның үздік жыл заңгері» атағына ие болды.

Жыл марапаты

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының профессоры Н.А. Завалко ҚР «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.

Жыл меморандумы

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (АӘД кафедрасы) және Өскемен қаласы әкімдігінің № 4 орта мектебі және қалалық білім беру бөлімі арасында меморандумға қол қойылды. Меморандум Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусының құрылу жылында жасалды.

Жыл тұсаукесері

Өскеменде көптеген республикалық және халықаралық айтыстардың бас жүлде иегері, танымал ақын Балғынбек Имашевтің «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шара модераторы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Б.А. Ердембеков, кездесудің естелігі ретінде Б. Имашевқа өзінің кітабын сыйға тартты.

Жылдың қоғам қайраткері

Еліміздің ең жас әйел-депутаты, ШҚМУ студенті Юлия Миронова ҚР Тұңғыш Президенті қатысқан І республикалық жастар форумына қатысты.

Жыл фестивалі

ШҚМУ-де «Аламан-2016» фестивалі өтті. Онда концерттік бағдарламадан өзге «Серпін-2050» штабы ШҚО Ішкі істер басқармасының Жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Жыл стипендиясы

Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясы ШҚМУ-дың физика-математика ғылымдарының кандидаты А.М. Жилкашиноваға берілді.

Жыл бренді

«Аманжолов оқулары - 2016» конференциясының қатысушылары оқу мекемелерінде «Алтай» брендін енгізуді ұсынды.

Жыл креативі

Халықаралық студенттердің қатысуымен өткен «Мы разные, но равные» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті.

Жыл патенті

ШҚМУ ғалымдары «Рәзіңке қоспасы» және «Жылыжай» жобаларына екі патент алды.

Патент иесі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, жоба авторлары - А.М. Жилкашинова, А.В. Троеглазова, С.К. Кабдрахманова, С.А. Абакумов.

Жыл акциясы

2016 жылдың қорытындысы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жылдың жастар акциясы» номинаиясы бойынша Өскемен қаласы әкімінің жүлдесін жеңіп алды.

Жыл ұйымә

ШҚМУ Ардагерлер кеңесі қаланың ардагерлер ұйымдары арасында 1 орынға ие болды.

Жыл жеңісі

«Ядролық физика» мамандығының 5 курс студенті Өтепов Абылайхан екінші рет дарынды жастарға қолдау көрсететін «Taiburyl» АҚ жеңімпазы атанды.

Жыл іс-шарасы

Тілдер күніне арналған «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа-жүрегі бір» іс-шарасында студенттер қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай, әзірбайжан және басқа тілдерде әндер айтып, өлеңдер оқыды. Қазақ, моңғол, испан және басқа халықтардың билерін қойды.

Мерекені ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы.

Жыл гранты

ШҚМУ қызметкері А. Ақзамбек және С. Кабдрахманов «Energy challenges and rural development in the context of climate changein Kazakhstan» халықаралық семинарына қатысу үшін  қазақстандық-британдық бағдарламасының«Ньютон – аль-Фараби» қорының грантын жеңіп алды.

Жыл номинациялары

III Түлектер форумында 8 номинация бойынша барлық факультеттердің студенттерін марапаттады.

Жыл тұсаукесері

М. Мақатаевтың «Қайран күндер» пьесасының тұсаукесері өтті. Қойылым «Шабыт» студенттер театрымен қойылды.

Жыл ойыны

*Университет күні «Quest» жастар ойыны бойынша студенттер арасында сайыс өтті. Жастар «Қазақстан» тауына, Славский атындағы жағалауға барып, шараны факультет деканымен бірге селфиге түсумен аяқтады.

*ШҚМУ-де «ЧТО? ГДЕ? КОГДА?» зияткерлік ойыны өтті. Оған қалалық оқу орындарының студенттері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

*Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары мен «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері «G-20 саммитінің үлгісі» іскерлік ойынын өткізді.

Жыл таланттары

*Қараша-қазан айларында «Серпін-2050» бағдарламасы аясында білім алып жатқан 1,2,3 курс студенттері, «Аламан» республикалық фестивалі шеңберінде 10 номинация бойынша түрлі байқауларға қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша концерттік бағдарлама өткізіліп, онда үздік шығармашылық нөмірлер марапатталды.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo