Бүгін, Қазақстанда атап өтілетін Психолог күні «Зияткер» ҒБО мен Психология және түзету педагогикасы кафедрасында психология бойынша олимпиада жеңімпаздарын марапаттау және басқа да іс-шаралар өтті.
Олимпиада жеңімпаздары болып Сабина Шәріпова, Александра Окатенко, Ділназ Ерғасымова, Камила Абдужабборова, Евгения Филиппова, Никита Фефелов, Айсара Нұртаева, Наталья Антипенко, Елена Суслова атанды.
Желтоқсан бойы студенттер TikTok-та «Қашықтан жұмыс істеуге арналған психологиялық өмір» бейнероликтерін түсірді. Ең үздік роликтерді Милана Болатбекова (клиникалық психология, 1 курс), Сабина Шәріпова (психология, 1 курс) және Айсара Нұртаева, Айжан Ерғазы, Ризабек Бақыт, Қуанған Зәмзәм (клиникалық психология, 1 курс) жасады.
Бірінші курс студенттеріне арналған Баттл әзіл-сықақ онлайн-тест форматында өтті.
Баспасөз қызметі