Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Зияткер» орталығы «Психология» мамандығының түлектерімен онлайн-кездесу өткізді

12 мамырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының қызметкерлері «CliDePsy – мамыр» онлайн-платформасы аясында «Психология» мамандығы түлектерімен онлайн-кездесу өткізді.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Психология» мамандығының 1997-2018 жылдардағы түлектерімен кездесу өтті. Олардың әрқайсысы өз саласының маманы және өзі таңдаған мамандықтың білгірі. Біздің түлектер «Психология», қазіргі «Клиникалық психология» мамандығы бойынша алған кәсіби құзыреттіліктерін шыңдауда.

Студенттер, талапкерлер мен оқытушылар осы танымал мамандарды көруге және тыңдауға «жиналды». Бұл өте маңызды, өйткені әр студент «Бұл мамандық маған не береді және болашақта қайда жұмыс істеймін?..» деп ойлайды.

Біздің түлектер өз жетістіктерімен бөлісті, олардың кәсіби маман болғаны, оны қалай алғандығы және тағы қандай жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы туралы айтты. Сонымен қатар, олардың студенттік құпиялары ашылды: студенттер ретінде уақытты қалай өткізгендігі, сабаққа қалай дайындалғаны, оқу процесінде не болғандығы және өмірлік іс-әрекетте не қолданатындығы туралы айтты.

Студенттер мен талапкерлер өздері не істейтіні, түлектердің әрқайсысы қандай жетістіктерге жететіндігі туралы ақпарат алды.

Жиынға 53 адам қатысты, бірақ бұл – тек бастамасы, кезекте 50-ден астам жаңа бітіруші осындай кездесулерге қатысып, кәсіби саладағы жетістіктерімен бөліскісі келеді.

Ашық алаңның модераторы – профессор, п.ғ.к. Ирина Константиновна Мацкевич.

Мамырдың әр сейсенбісінде, сағат 16.00-де мына адреспен қосылуға болады: https://us02web.zoom.us/j/2188432784.

Әсіресе, «Клиникалық психология», «Психология», «Дефектология», «Педагогика және психология» мамандықтарына түскісі келетіндерді күтеміз.

«CliDePsy – мамыр» онлайн-алаң – www.instagram.com/clidepsy.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo