5 қарашада «Зияткер» ҒБО-да ата-аналарға арналған тренинг жұмысын бастады. Авторы – профессор Ирина Константиновна Мацкевич, ассистенті – «Психология» мамандығының 4 курс студенті Анастасия Боровикова.
Бұл – ата-аналарға арналған тегін қанатқақты тренинг. Қараша бойы дүйсенбі күндері ата-аналар тренингтен өтеді. Олар баланы түсінуге, тыңдауға, оған көмектесуге, уақыттарын үнемдеуге, еркеліктерге төтеп беруге үйренеді.
30 күннен кейін 30 ата-ана өз балаларына жақын бола түспек.
Баспасөз қызметі