Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Зәки Ахметовке арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ШҚМУ-да академик Зәки Ахметовтің 90 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: ғылыми мұра және ұлттық құндылықтар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында филология ғылымдарының докторы, профессор Зәки Ахметовтің туғанына 90 жыл толуына арналған конференцияның пленарлық отырысы өтті. Конференция университет ректоры М. Төлегеннің құттықтау сөзімен ашылып, жиында Қазақ-Америка еркін университетінің президенті Е. Мәмбетқазиев, Ұлан ауданының әкімі Н. Сақтағанов құттықтау лебіздерін жолдады.

Конференцияда университет ректоры М. Төлеген абайтанушы М. Мырзахметұлын «Абай төсбелгісімен» және естелік сыйлықпен марапаттады.

Басқосуда М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының профессоры Светлана Ананьева, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылым бөлімінің жетекшісі Мақпал Оразбек, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті Болатжан Сарбасов, ШҚМУ профессоры Айжан Қартаева баяндама жасады.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo