Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Зырян ауданында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді

12-16 ақпан аралығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұтқыр тобы зыряндық оқушыларға кәсіби бағдар берді.

12-16 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұтқыр тобы  – дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы А.А. Агафонов және экология және география кафедрасының аға оқытушысы С.А. Бакин Зырян ауданы оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс жүргізді.

ШҚМУ ұтқыр тобының мүшелері Зырян қаласының №6, №7, №8, №9, №11 орта мектептерінің, мектеп-лицейінің, Серебрянка қаласының №1, №4 орта мектептерінің, Жаңа Бұқтырма кентінің №1, №2 орта мектептерінің оқушыларымен кездесті.

11-ші сыныптың 261 оқушысымен әңгіме өткізілді, университет туралы фильм көрсетілді, ШҚМУ тарихы мен мамандықтар, қосдипломдық білім, сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлықтың бағдарламалары, шығармашылық мамандықтар және оларға құжаттарды қабылдау мен емтихандарды тапсырудың шарттары, жергілікті бюджеттен төленетін білім гранттарын алу конкурсына қатысу ережесі, «Өсу орталығының» дайындық курстары туралы ақпарат берілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo