Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5B030100 - «Юриспруденция»

Шифр – Мамандық 5B030100 – «Құқықтану»
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

Білім беру бағдарламасының мақсаты: 5B030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша бұл кәсіби қызмет саласында олардың тәжірибелік жүзеге асырылуының теориялық-құқықтық білімдері мен дағдыларын белсенді менгеруін көздейтін тәжірибелік-хабардар тәсілдеме негізінде болашақ бакалавр техникасын жасайтын және заңды мәдениетті тәрбиелейтін жалпы қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және арнайы пәндерді білетін бакалаврлады дайындауды қамтамасыз ету болып табылады.
5B030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасы келесі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады:
- сыртқы және ішкі еңбек нарығында ойдағыдай бәсекелестікке шыдайтын жоғары кәсіби деңгейдегі мамандарды дайындау;
- кәсіби қызметтің теориялық негіздерін менгеру және өз бетімен шешімдерді қабылдай білу және барабар іске асырылуына жағдай жасау.

Біліктілік сипаттамасы

5B030100 – «Құқықтану» мамандығы шегінде болашақ заңгер құқықтану саласында іргелі және арнайы дайындық алады.
Заңгердің қызметі құқықтық нормаларды жүзеге асыруға және қоғамның әртүрлі саласындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталады.
Маманның кәсіби қызметінің объектілері болып мемлекеттік және құқық қорғау органдары; мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; банктар; сақтандыру және аудиторлық компаниялар табылады.
Кәсіби қызметінің заты:
- құқық нормалар;
- құқықтық маңыздылығы бар оқиғалар мен әрекеттер;
- мемлекеттік және мемелкеттік емес институттар қызмет ету саласында туындайтын қатынастар;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар.

Білім беру траекториялары

5B030100 – «Құқықтану» мамандығының бір бөлігі болып табылатын және қылмыстық-құқықтық пәндер құрылымы бойынша терең кәсіптік заңи білімдер алуды көздейтін «Қылмыстық-құқықтық қызмет» білім беру траекториясы.
«Азаматтық-құқықтық қызмет» білім беру траекториясы мамандардың шаруашылық-құқықтық саласындағы, соның ішінде бизнестегі кәсіби заңи дайындығын көздейді.

Әрбір траекторияның бірегейлігі

- 5B030100 – «Құқықтану» мамандығының білім беру бағдарламасының қылмыстық-құқықтық бағытының артықшылығы олар заңдарды құқықтық мемлекет стандарттарына, қылмыстық сот өндірісінің жазалау сипатын төмендетуге, қылмыстық өндірістегі заңдылықтың, соның ішінде тұлғаның мүдделерінің қорғалуының қосымша кепілдіктерін бектуге әкелдіретін Қазақстан Республикасындағы қылмыстық саясаттың ізгілендірудің заманауи өзекті мәселелерін, қылмыстық заңдарды жетілдіру мәселелерін зерттеумен байланысты.
- 5B030100 – «Құқықтану» мамандығының білім беру бағдарламасының азаматтық-құқықтық бағытының ерекшелігі нарықтық экономика саласындағы мамандарды, заңгерлерді дайындау қажеттілігімен байланысты. Бұл, кәсіби заңгерлердің құқықттық қызметіне деген қажеттіліктердің не санды не сапалы тұрғыдан алғанда уақыт талаптарына сәйкес болмауымен шарттасқан.

Әрбір траектория бойынша оқыту нәтижелері

Құқықтану бакалавры келесіні меңгерулері қажет:
- білуі: әр құқық саласының негізгі ұғымдарын; Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерін; мемлекеттік органдардың құрылымын, қызметін және қағидаларын; құқықтық және мемлекеттік құбылыстардың мәнін, мінезін және арақатынасын; білімдердің біртұтас жүйесіндегі заң пәндерінің арақатынасын және кәсіби қызметтегі құқықты жүзеге асыру үшін маңызын;
- істей білуі: заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді талқылауды және қолдануды; қоғамның барлық салаларындағы заңдардың орындалуын қамтамасыз етуді; фактілер мен мән-жайларды дұрыс құқықтық квалификациялауды; құқықтық сипаттағы құжаттарды жасауды және нормативтік актілердің сараптамасын өткізуді, білікті қорытыныдылар мен кеңестер беруді; тікелей заңға сәйкес шешімдер қабылдауды және өзге де заңды әрекеттер жасауды; құқық бұзушылықтарды, кінәлілерді жазалау мен жауапкершілігі шараларын анықтауды; бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қолдануды;
- дағдыға ие болуы: гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар бойынша алынған білімдер мен әдістерді кәсіби қызметінде пайдалануға; олардың кәсіби қызметі саласына кіретін заң нормалары мен қатынастарды талдауға; құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау және құрастыруға, жеке және заңды тұлғалардың сұранысы бойынша негізделген ақпаратты дайындауға; дауларды шешудің балама тәсілдерін қолдануға; нормативтік құжаттар мен заңды шешімдердің жүзеге асырылу механизмын жетілдіру мүмкіндіктерін іздестіруге.

Аталған мамандықты бітірушілердің білім деңгейлеріне қойылатын талаптар (Дублиндік дескрипторлар негізінде)

білу және түсіну: заңтану саласында;
білімді қолдау және түсіну: кәсіби кеңістікте;
пікірлерді білдіру: білімдерді қалыптастыру тәсілдерінің саласында, оқытушылардың білімдері, өнімді оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру саласында;
коммуникациялық қабілеттіктер: ұжыммен әлеуметтік-коммуникациялық байланыс, ынтымақтастық, толеранттік;
оқуға қабілеттіктер: дайындық және өз білімін жетілдіруге қабілеттіктер.

× You found a Typo