Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Шифр – Мамандығы 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

Білім беру бағдарлама мақсаты
– білім берудің мемлекеттік стандарты талабының деңгейіне сәйкес бастауыш білім беру бағдарламасын өңдеу және жүзеге асыру, бастауыш білім берудің әртүрлі моделін сауатты ұйымдастыратын, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық мамандарды даярлау;
– өз кәсіби іс-әрекетінде жүзеге асыратын, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары магистрлердің негізгі және арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру;
– жалпы заңдылықтарды оқуда инновациялық технологияларды қолдану, педагогикалық пәндер аймағында жүйленген білімді қалыптастыру.

Біліктілігі

6М010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі білім беру саласында өз іс-әрекетін жүзеге асырады.
Кәсіби іс-әрекет нысаны
- барлық типтегі бастауыш орта білім беру мекемелері;
- жоғары оқу орны;
- ғылыми-зерттеу институты;
- біліктілікті арттыру институты мен білім беру қызметкерлерін қайта даярлау;
- білім беру саласындағы жергілікті атқарушы және орындаушы бөлімдер.
Кәсіби іс-әрекет түрлері
- білім беру (педагогикалық);
- оқу-тәрбиелік;
- оқу-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- ғылыми-зерттеушілік;
-ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Білім беру траекториясы

1) Бастауыш білім берудегі менеджмент
2) Мұғалім-тьютор

Әрбір траекторияның бірегейлігі

Қазіргі кездегі әлемдік проблемалар және Қазақстан Республикасының әлеуметтік –экономикалық дамуы, білім беру жүйелерінің даму тенденциялары мен жаһандану кезінде білім беру мекемелерді басқару теориясы мен тәжірибесін зерттеу, менеджменттің негізі мен әлеуметтік маңызын түсіну, қаржылық қарым қатынаста білім беру мекемелерді басқару, мекеменің мақсаты мен миссиясы анықтау және оның негізінде даму стратегиясын жасап, еңдіруді білуге бағытталған.
Тьютордың мақсаты – оқушылардың өздігінен білім алуда және дағдыларды қалыптастыруда қолайлы жағдай туғызатын білім беру ортасын құру. Тьютордың үйлестіру жұмысы іс-әрекет мақсаттары мен міндеттерін анықтау, оның жүзеге асыруға жоспар құруға, оқу мақсаттарын шешуде тиімді технологияларды қолдану және оқу іс-әрететінің нәтижесін талдауға бағытталған.

Әрбір траектория бойынша оқыту нәтижесі

« Бастауыш білім берудегі менеджмент» траекториясы:

білу:
жалпы және арнайы менеджмент анықтамасының мәні;
- менеджмент түрлері мен қызметі;
- басқарулышық шешімдерді қабылдаудағы теориялық бағыт;
- менеджмент психологиясының негізгі бағыттары;
- мекемелерді басқарудың мақсаты мен міндеттері;
- заманауи жағдайындағы менеджмент дамуының негізгі міндеттері.
меңгеру:
- жүйе ретінде менеджмент ерекшеліктері мен дамуының негізгі бағыттарын айқындау;
- мекеменің іс-әрекетін жоспарлау;
- мекеме іс-әрекетін бақылау технологиясын құру;
- тәуекел мен оның өайнар көзін ескере отырып басқару шешімдерін қабылдау;
- білім беру ортасынында стратегиялық жоспарлау мүмкіндігін талдау;
дағдылану :
- кәсіби, тұлғалық даму және кәсіби міндеттерді шешуде қажетті ақпараттарды іздеу, талдау және бағалау.
- кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану;
- топта және ұжымда жұмыс жасай білу, басшылармен, әріптестермен және әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттесуде болу.

« Мұғалім-тьютор» траекториясы:

Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нормативті құжаттар мазмұнын, педагогика негіздерін, жас ерекшелік және әлеуметтік психология негіздерін, қарым-қатынас психологиясын, балалардың жас және дара ерекшеліктерін, мектеп гигиенасы мен физиологиясын білу;
Педагогикалық этика және білім алушылардың іс-әрекет мониторинг түрлері мен теориясы;
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, білім алушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру;ашық білім беру технологиясы мен тьюторлық технология; Білім беру жүйесімен;
Заманауи педагогикалық технологияларды, дифференциалды дамыта оқыту технологиясы мен құзыреттілік бағытты жүзеге асыру;
Әр түрлі жастағы білім алушылармен олардың ата-аналарымен қатынас орнатуғ қызметтегі әріптестерімен қатынас орнату, өз пікірін және позициясын дәлелдей алуы;
Қақтығыстық жағдайлардың себептерін айқындау технологиясы мен оны шешу және алдын алу жолдары;
экология, экономика, құқық және әлеуметтану негіздерін білу.
Қоршаған білім беру кеңістігінде білім алушылардың міндеттерін шеше алу және олармен дара білім беру траекториясымен бірлесе әрекет ету.
Дағдылану: жеке оқу жоспары, білім беру мерзімін жалғастыру мен таңдау, жеке дара білім беру траекториясын жүзеге асыру және қалыптастыру мәселесі бойынша білім алушылардың топтық және жеке кеңес беру және олардың ата-аналарымен жұмыс жасау; жеке дара білім беру траекториясын жүзеге асыру және қалыптастыру мәселесі бойынша рефлексивті-жобалау іс-шараларын жүргізу, әлеуметтік іс-тәжірибе мен кәсіби тәжірибе жүргізу және жүзеге асыру.

Мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар (Дублиндік дескрипторлар негізінде)

Оқыту нәтижесі 2 оқыту деңгейінде Дублиндік дескриптор негізінде жобаланады (магистратура) және құзыретілік негізінде көрініс табады. Магистратура түлектері келесі дағдылар мен қабілеттерді меңгереді:
- ғылыми зерттеу саласында идеяларын қолдану үшін мүмкіндік беретін жоғары кәсіби білім деңгейінде алған білімдерін дамыту;
- зерттелініп отырған мәселе төңірегінде (пәнаралық) және таныс емес немесе жаңа жағдаяттарда мәселелерді шешу қабілеттері, түсіну және білімдерін қолдану;
- этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып ақпараттарды, пікірлерді пайымдау, білімдерін кіріктіре алу;
- өз қорытындылары мен білімдерін нақты түрде негіздей алу;
- оқуды өз бетінше жалғастыру, өзіндік білім алумен айналысу

× You found a Typo