Шифр – Мамандық | 5В010300 – Педагогика және психология |
---|---|
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері | Педагог-психологтың кәсіби қызметінің типтік міндеттері келесілер болып табылады: білім алушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту бойынша қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау; отандық және әлемдік стандарт талаптарына сәйкес білім беру сапасының деңгейін арттыру; алдыңғы қатарлы педагогикалық-психологиялық технологияларды игеру және оны тәжірибелік іс-әрекетке енгізу. |
Біліктілік сипаттамасы | Кәсіби іс-әрекет аймағы: білім беру жүйесі. |
Түлектердің кәсіби іс-әрекет объектілері келесілер болып табылады: жалпы білім беретін орта мектеп, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесі, педагогикалық колледж, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары. |
|
Кәсіби іс-әрекет пәні келесі болып табылады: оқыту мен тәрбиелеу мақсаты, міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, нәтижелері; Қазақстан Республикасының білім беруді дамыу тұжырымдамасының талаптарын жүзеге асыру жолдары; потенциалды мүмкіндіктерін дамыту мақсатында психиканың тұлғалық және когнетивті аймақтарын зерттеу; жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру арқылы жеке тұрғыдан және дара тұрғыдан келу. |
|
Білім беру траекториялары | Білім беру жүйесіндегі педагог-психолог |
Әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық саладағы педагог-психолог |
|
Әр траекторияның айырықшалылығы | Аталмыш мамандандыру бойынша бакалавр, білім беру процесінде субъектілердің психологиялық денсаулығын сақтау үшін оңтайлы жағдай құруға негіз болатын және де келесідей іс-әрекет бағыттары бойынша жұмыс істеуге негіз болатын құзыреттіліктерді меңгереді: психологиялық ағарту, психологиялық алдын-алу, психологиялық диагностика, психологиялық түзету, психологиялық кеңес беру. |
Жалпы, кәсіптік және қосымша білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын психологиялық-педагогикалық қолдау; негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын игеруде, даму мен әлеуметтік бейімделуде қиындық көруші денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. |
|
Әр траектория бойынша оқыту нәтижелері «Білім беру жүйесіндегі педагог-психолог» траекториясы: |
Біледі: білім берудің айырықша ерекшеліктерін және жалпы заңдылықтарын; оқыту, тәрбиелеу және дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін;педагогика мен психологияның категориялық тұжырымдамалық аппаратын |
Істей алады: теориялық білімдерін кәсіби тәжірибелік іс-әрекетінде қолдану |
|
Оқу-тәрбие іс-шараларының бағдарламаларын, жобаларын, жоспарларын құрастыру және іске асыру бойынша, сондай-ақ оларды мектеп, колледждер, ЖООның іс-әрекетінде психологиялық қамсыздандыру, қолдау бойынша педагогикалық және психологиялық іс-әрекет дағдыларын игеру. |
|
Траектория «Әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық салалардағы педагог-психолог» | Психологиялық-педагогикалық ғылым әдіснамасын, жас ерекшелік және педагогикалық психология негіздерін, педагогика мен психологияда қолданылатын әдістерді білу. |
Білім беру ұйымындағы инновациялық процестерге психологиялық қолдау көрсету бағдарламаларын, соның ішінде білім алушылар бірлестіктері мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қолдау көрсету бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру іскерліктерін игеру. |
|
Оқу, даму, болашақтағы кәсіби бағытын саналы түрде және жауапкершілікпен таңдау мәселесі, өзін-өзі тәрбиелеу, ересектермен және құрбыластарымен өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша оқушыларға жеке және топтық кеңес беру дағдыларын меңгеру. |
|
Мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар (Дублиндік дескрипторлар негізінде) |
|