Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В010900 - «Математика»

Мамандығы 5В010900 – «МАТЕМАТИКА»
МАМАНДЫҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5В010900 – "Математика" білім беру бағдарламасының мақсаты математика және математиканы оқыту әдістемесі салалары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау, ғылыми-педагогикалық, өндірістік-технологиялық міндеттер мен мәселелерді шығармашылықпен шеше алатын жаңа формациядағы білікті маманды, педагогты қалыптастыру болып табылады.
5В010900 – "Математика" мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің міндеттері:
– оқу-тәрбие қызметі: оқушылардың білім беру процесін жобалау және басқару, қазіргі педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайында мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, әдістемелік жұмыстарды орындау;
-ғылыми-зерттеу қызметі: қолданбалы математика, математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу; эксперименттік зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу;
- өндірістік-технологиялық қызмет: ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық ресурстарды өңдеу және өндірістің технологиялық процесін ұйымдастыруға қатысу
Біліктілік сипаттамасы:
Мамандықтың кәсіби қызмет саласы:
– жалпы білім беру ұйымдарында, білім беру мекемелері мен орталықтарда балалар мен оқушы жастарды білім беру және дамыту;
- ғылым;
-ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдаланумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.
Кәсіби қызмет объектілері:
– мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудың білім беру мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары,мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;
- ғылым ұйымдары: математика, Қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
- басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару органдары, білім департаменттері;
- өз жұмысында математика, Қолданбалы математика және компьютерлік технологияларды қолданатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар.
- Кәсіби қызмет пәндерімен
– білім беру процесі оның құндылықты-мақсатты бағдарларының, мазмұнының, әдістерінің, нысандары мен нәтижелерінің бірлігінде;
- информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-аналитикалық қызмет;
- бағдарламалық, математикалық, ақпараттық қамтамасыз етуді жобалаудың, енгізудің және сүйемелдеудің технологиялық процесі.

БІЛІМ БЕРУ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫ

1) Дифференциалдық теңдеулер
2) Математиканы оқытудың қазіргі заманғы технологиялары
Әрбір траекторияның бірегейлігі:
"Дифференциалдық теңдеулер" траекториясының бірегейлігі келесі:
Осы траекторияның түлектері бағытта және аралас салаларда дифференциалдық теңдеулерді пайдалана отырып,ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, жобалаудың барлық кезеңдеріне қатысу, бағдарламалық, математикалық, ақпараттық қамтамасыз етуді енгізу және сүйемелдеу үшін бағытталған. (specialization is carrying out scientific researches with use of the differential equations in the direction and in allied industries, participation at all design stages, introductions and maintenances of program, mathematical, information support)
"Математиканы оқытудың қазіргі заманғы технологиялары" траекториясының бірегейлігі::
Осы траекторияның түлектері оқу орындарында білім беру және ұйымдастыру қызметіне, оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге,жастарды оқыту мен тәрбиелеудің нысандары мен әдістерін жетілдіруге, педагогикалық білім беру мәселелері бойынша тәжірибелік-эксперименттік, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, озық инновациялық білім беру технологияларын зерделеу мен енгізуге бағытталған.

ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Осы мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар
Арнайы құзыреттілік – пәндік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және әлеуметтік-гуманитарлық білім, білік пен дағды жүйесін меңгеру қабілеті, жоғары сынып оқушыларын кәсіптік оқытуды жүзеге асыру қабілеті.
Коммуникативтік құзыреттілік – басқа адамдармен қажетті байланыс орнату және қолдау, түсінікті болу, еркін сөйлесу және т. б.
Ақпараттық құзыреттілік – ақпараттық технологияларды меңгеру, ақпараттың барлық түрлерімен жұмыс істеу қабілеті; математикадан қажетті ақпаратты өз бетімен іздеу, талдау және таңдау, оны құрылымдау, қайта құру, сақтау және тарату.
Зияткерлік құзыреттілік – аналитикалық ойлау және өз міндеттерін орындауға кешенді қарау қабілеті; жеке тұлғалық өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту тәсілдерін, тұлғаның кәсіби деформациясына қарсы тұру құралдарын меңгеру.
Әлеуметтік құзыреттілік – әлеуметтік өзара әрекеттестікте қалыптасу және өмір сүру қабілеті: өзгерту және бейімделу; ұтымды және жауапты пікірталасқа және басқалармен келісімге қол жеткізу; кәсіби қоғамдастықта қарым-қатынасты қолдау, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілікті көтеру.
Жеке құзыреттілік – жеке тұлғаның өзінің даму мүмкіндіктерін, кәсіптегі, қоғамдық өмірдегі талаптар мен шектеулерді анықтау, түсіну және бағалау қабілеті; өзіндік дарындарын көрсету, өзінің өмірлік жоспарларын әзірлеу және дамыту, физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмоционалдық өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеру, өз жұмысының нәтижелерін жақсартуға, жеке жеке-тұлғалық ерекшеліктерін және кәсіби-психологиялық әлеуетін пайдалану есебінен еңбек тиімділігін арттыру, өзі, өзінің қасиеттері, ерекшеліктері, қажеттіліктері, мақсаттары, себептері, құндылықтық бағдарлары туралы барабар түсініктердің болуы.
Бейіндік құзыреттілік – кәсіптік бағдар беру жұмысына қабілеті, оқу бейініне байланысты математика бойынша білім беру мазмұнын таңдау, оқыту бейініне байланысты білім беру процесін жобалау және ұйымдастыру; бейіналды және бейіндік сыныптарда оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын таңдау, бейімдеу және модификациялау; бейіндік сыныптарда математикадан оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру; қазіргі заманғы әдістемелер негізінде бейіналды және бейінді сыныптарда математикадан оқушылардың өзіндік және өздігінен білім беру жұмысын ұйымдастыру.

× You found a Typo