Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В011000 - «Физика»

Белгі - мамандық

5В011000 - «Физика»

Мамандық мақсаты мен міндеттері

«Физика» мамандығының білім беру бағдарламасының (ары қарай БББ) мақсаты: педагогикалық қызметте жеке адамдардың өмірлік іс-әрекетін психологиялық-педагогикалық қамтуға, жеке адамның тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби дамуына, әртүрлі мәселелердің шешімін табу мақсатында социумның әлеуметтік саласын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын мамандарды дайындау болып табылады.
5В01000 «Физика» мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің міндеттері:

  • Әлеуметтік-педагогикалық білім алушылардың толыққанды өмірлік іс-әрекетіне, тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету;
  • Оқу–тәрбие ісі: білім алушыларды оқыту және дамыту, оқыту мен тәрбие үрдісін ұйымдастыру, педагогикалық үрдісті жобалау және басқару, педагогикалық қызмет нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжау;
  • Ғылыми-зерттеушілік: физика, педагогика, психология, оқыту әдістемесі салаларында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
  • Ұйымдастырушылық-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату;
Квалификациялық мінездемесі.

Мамандықтың кәсіби қызмет саласы:

  • Түлектерге білім беру, дамыту және ғылымға бағыттау.
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудағы білім беру мекемелері: мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер; ғылыми ұйымдастыру: физика және оқу әдістемесі саласындағы ғылыми – зерттеу орталықтар;
  • Басқару ұйымдары: білім беру департаменттері,мемлекеттік басқару ұйымдары.

Білім беру траекториялары

1. Физика және математика;
2. Физика және информатика.

Әр траектория бойынша оқыту нәтижелері

«Физика және информатика» траекториясының бірегейлігі:

  • осы мамандықты игерген түлектер мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде жұмыс істеу үшін физика және информатика саласындағы фундаментальды білімді жан жақты игереді.

  • «Физика және математика»

    траекториясының бірегейлігі:
  • осы мамандықты игерген түлектер мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде жұмыс істеу үшін физика және математика саласындағы фундаментальды білімді жан жақты игереді.
  • Әрбір мамандандырудың бірегейлігі

    1. «Физика және информатика»
    Білуі тиіс:

    • Физика және информатика саласындағы заңдар мен принциптерді, негізгі физикалық тұрақтылықтарды, есептерді және оларды шығару әдістерін, математикалық үлгілеу, стандарттау,
    • Әр түрлі бағдарламалау түрі, қолданбалы бағдарламалар бумасы.
    Істей алуы тиіс:
    • физиканы оқытудың негізгі концепцияларын, әртүрлі деңгейлерде мектеп физикасы мен информатикасын оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін;
    • физика және информатика сабақтарын ұйымдастыруды, жоспарлау және қамту бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, оқушылардың ой әрекетін басқаруды; сабақтардың әртүрлі ұйымдастырушылық формаларын;
    • заманауи бағдарламалау тілдерін және қолданбалы бағдарламалар дестесін.
    Қабілеттілігі:
    Оқыту нәтижесінде түлек дағдыларға ие болуы қажет:
    • Әр түрлі жас топтары оқушыларына физика және информатика сабақтарын пәнге деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында ұйымдастыруды;
    • Өзінің еңбегі мен өз бетімен оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану;
    • Қолданбалы есептерді бағдарламалау, олардың қызмет етуінің тиімділігін талдау, мектептер мен орта арнаулы оқу мекемелерінде сабақтарды жүргізу.
    2. «Физика және математика»
    Білуі тиіс:
    • Физика және математика саласындағы заңдар мен принциптерді, негізгі физикалық тұрақтылықтарды, есептерді және оларды шығару әдістерін. Істей алуы тиіс:
    • физиканы оқытудың негізгі концепцияларын, әртүрлі деңгейлерде мектеп физикасы мен математикасының оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін;
    • физика және математика сабақтарын ұйымдастыруды, жоспарлау және қамту бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, оқушылардың ой әрекетін басқаруды; сабақтардың әртүрлі ұйымдастырушылық формаларын;
    • заманауи бағдарламалау тілдерін және қолданбалы бағдарламалар дестесін.
    Қабілеттілігі:
    Оқыту нәтижесінде түлек келесі дағдыларға ие болуы қажет:
    • Әр түрлі жас топтары оқушыларына физика және математика сабақтарын пәнге деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында ұйымдастыруды;
    • Өзінің еңбегі мен өз бетімен оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану;
    • Қолданбалы есептерді бағдарламалау, олардың қызмет етуінің тиімділігін талдау, мектептер мен орта арнаулы оқу мекемелерінде сабақтарды жүргізу.

    Мамандық бойынша бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар (Дублиндік дескриптор негізінде)

    • Дүниетанымдық құзыреттілік (ҚД) танымдық және қызмет тәжірибесін, жалпы білімді қамтуды, қоғам құбылыстарын, әлеуметтік негізді, әлемнің ғылыми бейнесін меңгеруді болжау.
    • Кәсіби құзыреттілік (ҚКС) кәсіби есептерді шешуде біліктілік пен білімділік, практикалық тәжірибе негізінде нәтижелі жұмыс атқару, стандартқа сәйкес берілген тапсырмаларды орындау қабілетін болжау.
    • Зерттеушілік құзыреттілігі (ҚЗ) берілген стандартқа сай есептерді орындау қабілеттілігін, кәсіби есептерді шығаруда біліктілікті және білімділікті практикалық тәжірибе негізінде табысты атқаруды көздейді.
    • Коммуникативті құзыреттілік (ҚКМ) әлеуметтік қарым-қатынасты қоғаммен, ұжыммен, топтағы жұмыс дағдысы, әріптестік, толеранттылық, тіл білімін енгізу, ауызша және жазбаша диалог, монолог, іс-қағаздарын құра білу қабілетін жетілдіру.
    • Өзіндік менеджмент құзыреттілігі (ҚӨ) жеке ресурстарды басқару, яғни оларды қорғай білу, іске асыра білу, дамыта білу және қолдану, өзін-өзіне қолдану көрсету.

    × You found a Typo