Шифр – Мамандық | 5В011200 – Химия |
---|---|
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері | 12-жылдық жалпы білім беру жағдайларына сай: химия мұғалімі, инженер-лаборант, төменгі ғылыми қызметкер, әкімшілік қызметкер, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, директор, үйірме жетекшісі және басқа оқу-тәрбие мекемелерінде, жалпы, кәсіби-техникалық, орта мамандандырылған, сыныптан тыс және қосымша білім беру мекемелерінде қызмет істей алатын, ғылыми-педагогикалық, өндірістік-технологиялық мәселелерді шеше алатын, жаңа формациялы химик-маман дайындау |
Біліктілік сипаттамасы | Түлекке «Білім беру бакалаврі» академиялық дәрежесі беріледі |
Білім берушілік траекториясы | 1) Аналитикалық химия |
2) Химия және биология |
|
Әрбір бағыттың ерекшелігі | 1) «Аналитикалық химия» курсының мақсаты қазіргі аналитикалық химияның теориялық негіздері жайлы, оның әртүрлі әдістері, анықтау және бөліп алу әдістері, бейорганикалық және органикалық заттардың сандық және сапалық анализі туралы мағлұмат беру. Зертханалық сабақтар ғылыми-зерттеу және өндірістік зертханаларда қолданылатын анализдің қазіргі әдістерін, элементтердің және олардың қосылыстарының химико-аналитикалық қасиеттерін зерттеуге, заттың құрамын анықтап, есептеу жұмыстарын жүргізіп үйретуге негізделген. Аналитикалық химия курсы білікті мамандарды ҒЗИ, мекемелерде химик-аналитик болып жұмыс істеуге, фармацевтикада, білім саласында жұмыс істеуге дайындайды. |
2) 2020 біліктілігі жоғары мамандарды дайындауды жетілдіру бағдарламасын іске асыру мақсатында осы мамандық пәнді химиялық және биологиялық цикл ретінде зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл мамандану болашақ мамандардың шағын кешенді мектептерде, ғылыми-зерттеу зертханасында, тамақ және химия өнеркәсібі саласында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. |
|
Әрбір бағыт бойынща оқудың нәтижесі | Білу: кішігірім қиын емес мәтіндерді түсіну, әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәтіндерді түсіну, ең көп тараған сөз тіркестерін білу. |
Істей алу: оқу, өмір жөніндегі мәтіндерді тауып, өңдей алу, қарапайым сөз тіркестерін қолдана білу, қажетті ақпаратты мәтіннен таба білу. |
|
Дағды: қысқа диалогті қолдау, берілген тақырыпқа кішігірім мәтін құрастыра білу. |
|
Берілген мамандық түлектерінің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар (Дублин дескриптерінің негізінде) |
Әлемге қозқарастық компетентия (Әк) ғылыми әлем картинасын, қоғамдық, әлеуметтік құбылыстар негіздерін игеруді, жалпы білімділікті, тәжірибені, танымды меңгеруді көздейді. |