Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В011700 - Казахский язык и литература

Шифр – Мамандық

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығы бойынша бакалаврларды дайындаудағы білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты:
Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы кәсіби қызметіне қажетті  мәдени танымын қалыптастыруда, сапалы кәсіби білім берудің толыққанды білімін алу үшін мүмкіндіктер жасау.
Міндеттері:
-     Патриотизм рухында ҚР халықтарының достығын, әртүрлі мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу.
-      жалпы адами және әлеуметтік-жеке құндылықтарды қалыптастыру;
-     құқықтық, дене дамуы, экологиялық мәдениетті және ойлау мәдениетін  қалыптастыру;
-      жалпы тілі білімі мен әдебиеттің қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен жетістіктерін, қазақ тілі мен әдебиетінің оқыту әдістерін терең меңгеру;
-      кәсіби қызметіне қажетті іргелі білімділікті, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру.

Біліктілік сипаттамасы

Мамандықтың кәсіби қызметінің салалары
5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметтің мынадай түрлерін орындай алуы мүмкін:
-      білім беретін (педагогикалық) (жалпы білім беретін орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда);
-      ғылыми-зерттеушілік (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
-      әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа органдарында);
-      ұйымдастырушылық-басқарушылық (орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде, мамандыққа тікелей байланысты мекемелерде);
-      әдеби кеңесші және т.б.

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры кәсіби қызметінің нысаны болып табылады:
жалпы білім беретін мектептер, орташа арнаулы мекемелер, бюджеттік, коммерциялық мекемелер (қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер), әкімшіліктер, министрліктер, үкіметтік мекемелер (баспасөз-хатшысы, баспасөз мәселесімен айналысатын қызметкер, аудармашы) баспа (менеджер, корректор, баспасөз-хатшысы, редактор); теледидар, радио, және т.б.

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры кәсіби қызметінің пәні болып табылады: функционалды тіл білімі мен жүйелілік-құрылымдылық ұстанымда синхрония мен диахрониядағы қазақ тілі, қазақ әдебиеті, оның тарихи дамуы мен заманауи жағдайы.

Білім беру траекториялары

«Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті»

«Түркітану, қазақ тілі мен әдебиеті»

«Қоғамдық-әлеуметтік саладағы қазақ тілі мен әдебиеті»

Әрбір траекторияның бірегейлігі

1) Осы траекторияны бітірушілер білімділік қызметті орта және кәсіби білім беру мекемелерінде қазақ тіліндегі, сондай-ақ және қазақ тіліндегі емес оқыту түрінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде орындай алады.

2) Осы траекторияны бітірушілер білімділік қызметті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде орындай алады, сондай-ақ түркітану мәселелеріне қатысты мәдени ғылыми-танымдық қызметті жүргізе алады.

3) Осы траекторияны бітірушілер білімділік қызметті орындай алуы мүмкін, сондай-ақ ғылым, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа ісі, мемлекеттік қызмет саласында және т.б.жұмыс істей алады

Әрбір траектория бойынша оқу нәтижелері

Қазақ тілі мен әдебиеттің заманауи жағдайын, оның білім берудің басқа салаларымен өзара байланысын, болашақтағы дамуы мен әдіснамалық негіздер туралы түсінігін, өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік мағынасын түсіне білуі керек.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделей білуі, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жөніндегі алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді талдай алуы, педагогикалық эксперимент жүргізе білуі, оның нәтижелерін оқу үрдісіне енгізе алуы керек;
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мәні мен оқу үрдісін ұйымдастыру үшін өзінің кәсіби қызметін қойылған заманауи талаптар негізінде жоспарлай білуі керек

Жалпы білім беру, базалық және бейіндік кезеңдер пәндері бойынша бұрын алынған білімдеріне сүйене отырып, жаңа білімді игеру, кәсіби міндеттерді шешу дағдылары болуы керек.

Аталған мамандықты бітірушілердің білім деңгейлеріне қойылатын талаптар (Дублин дескрипторлары негізінде)

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы  бакалавры мынадай түйінді құзыреттілікті игереді:
1) ана тілі (қазақ тілі )саласында – ТҚ1
Қазақ тілі мен әдебиеті саласында өз түсінігі мен пікірін, сезімін, фактілер мен ойын жазбаша және ауызша түрде (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) білдіре және қабылдай алады, сондай-ақ қоғамдық және мәдени контекстерде: оқу кезінде, жұмыста, үйде және тиісті ортада сәйкесінше, шығармашылықпен лингвистикалық тұрғыдан өзара әрекеттесе алады.
2) шет тілдері саласында – ТҚ2
Қарым-қатынастың негізгі дағдыларын шет тілдерінде меңгереді: әлеуметтік және мәдени контекстеріне (білім беру  мен оқытуда, жұмыста, үйде және бос уақытта) лайықты  ауызша және жазбаша түрдегі ( тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)сияқты  түсінігін, ойын, сезімін айта біледі, деректер  мен пікірлерді түсіндіре алады. Мәдениаралық  түсініктер мен медиация дағдыларын меңгереді.
3) іргелік, математикалық, ғылыми даратылыстану және техникалық дайындық–ТҚ3
Өзінің кәсіби қызметінде күнделікті жағдаяттағы өндірістік мәселелерді шешу үшін математикалық ойлауды қолдана және дамыта білуі, презентация  (формулалар, кестелер, құрылымдар, графалар) мен ойлаудың математикалық тәсілдерін (логика мен кеңістік ойлау) пайдалана біледі.
Дәлелдемелерге негізделген мәселелер мен қорытындыларды анықтауда әлемді түсіндіре алатын білімнің негізі мен әдіснамасын пайдалана біледі, кәсіби міндеттерді шешуде  өз білімдерін және әдіснамасын қолдана алады.
4) компьютерлік дайындығы – ТҚ4
Заманауи ақпараттық технологияларды өз жұмысында, қызметі мен тілдік қарым-қатынаста сенімді және сыни тұрғыдан қолдана алады, кәсіби әрекеті саласында ақпаратты өңдеу, толықтыру, қалпына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну және алмасу, ғаламтор арқылы серіктес жүйелерде қарым-қатынасқа қатысуда қолдану дағдыларын игереді;
5) оқу дайындығы – ТК5
Кең ойлау өрісі мен мәдени ойлау жүйесі бар жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін қазақ тілі мен әдебиеті пәндері саласындағы базалық білімдерді игереді:
Үздіксіз оқудың қажеттілігін саналы түрде түсінеді, қолжетімді мүмкіндіктерді таба алады, оқуды табанды түрде жалғастыруға, алдыға ұмтылуға тырысады,
Өз оқуын ұйымдастыра алады,соның ішінде жеке  және топтағы сияқты да  уақыт пен ақпаратты тиімді түрде басқара алады; кәсіптік және жеке өсуге ұмтылады; кәсіби қызметі мен магистратурада оқуын жалғастыруға аса қажетті жаңа білімдерді игеруге құштарлық дағдыларын меңгереді.
6) әлеуметтік дайындығы (жеке тұлғалық, мәдени аралық, азаматтық құзыреттілік) – ТҚ6
Қоғамдық және еңбек өміріне, атап айтқанда, барлық әртүрлі қоғамдарға тиімді және конструктивті түрде араласуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда шиеленістерді шешуге қажетті барлық мінез-құлық түрлерін игереді, әлеметтік, саяси ұғымдар мен құрылымдар жайлы біліміне сүйене отырып, азаматтық өмірге толығымен араласуға, белсенді, демократиялы түрде қатысуға дайын болады;
Ұжымда, отбасында, әлеуметтік ортада, әлемде өмір сүре алады, өз бойында басқа адамдарды қабылдауды, түсінуді, оған құндылық ретінде қарауды тәрбиелей алады; әлемдегі өзара байланысты түсіну сезімі жетілген, коммуникативтілігі жоғары, шиеленістердің алдын алу және шеше алу мүмкіндігі болады; ымырашылық таба алады, өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіре алады;
Іскери этика нормаларын сақтап, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын меңгереді.
7)кәсіпкерлік экономикалық дайындық - ТҚ7
Менеджмент, маркетинг, қаржы, және т.б. жөнінде ғылыми түсінік беретін экономикалық білімдердің негіздерін меңгереді, экономиканы мемлекеттік басқарудың мақсаты мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін біледі және түсінеді;
Идеяларды әрекетке айналдыра алады, кәсіби міндеттерді шешу үшін жобаларды жоспарлап, басқара алады, этикалық құндылықтарды түсінеді;
Адамдармен тіл табысып жұмыс істей аады, тапсырыс беруші, персоналды басқару, тұтынушылармен өзара әрекет, рұқсат беруші құзыретті мекемелермен жұмыс, билік өкілдерімен жұмыс саласындағы білімдерді меңгереді; Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамаларының негіздерін, қоғамның әлеуметтік даму үрдісін біледі;
8) мәдени дайындықтың - ТҚ8
Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін біледі;
Идеяларды, тәжірибе мен эмоцияларды түрлі құралдармен шығармашылықпен көрсете алудың маңыздылығын түсінеді;
Әлемнің басқа елдерінің дәстүрлері мен мәдениетіне толерантты, толерантты мінез-құлықтың, тұрмыстық расизмнің, ксенофобияның, экстремизм мен оларға қарсы тұрудың маңыздылығын түсінеді және сезінеді, толерантты тұлға ретінде қалыптасқан, басқа мәдениет өкілдерін мойындайды, қабылдайды және түсінеді;
Білімді жинақтау қабілеті бар, зияткерлік қарым-қатынас саласында жеңіл тіл табысады, шовинистік сипаттағы алдын-ала қате пікірге бой алдырмайды; жоғары рухани сапаларға ие, иялы тұлға ретінде қалыптасқан.
9) жалпы құзыреттіліктер - ТҚ9
Сыни тұрғыдан бақылау, интерпретация жасау, талдау, қорытынды жасау, баға беруге қажетті дағдыларды игерген;
Креативтілік (шығармашылық) сапаға ие: бір аспектіден келесіге өту, жалпыға белгілі, жалпылама, жалпыға түсінікті, қарапайым, қалыптасқан идеялардан түбегейлі алшақ жаңа идеялар ұсынады, мәселенің түпкі негізін көре біледі, стереотиптерге қарсы шыға алады.
Белсенді өмірлік ұстанымды берік ұстана алады, басқа индивидтерге қатысты өзінің жеке мінез-құлқын көрсете алады, топта, ұжымда басқаларға зиянын тигізбестен және нормативтік регламенттер аясында көшбасшы болуға ұмтылады:
Топта жұмыс істей алады, өз көзқарасын сауатты түрде дәлеледей алады, жаңа шешімдер ұсына алады: түрлі әлеуметтік жағдаяттарда адекватты түрде бағдар жасай алады.

× You found a Typo