Мамандық шифрі |
5В012000 - «КӘСІПТІК ОҚЫТУ» |
Мамандық мақсаты және тапсырмалары |
- студенттер арасында әлеуметтік және жеке қасиеттерді қалыптастыру және дамыту - әлеуметтік жауапкершілік, көшбасшылық, команданы басқару қабілеті, қақтығыстарды шешу, мақсаттылық, жылдам өзгеретін ортада бейімделу қабілеті, әлеуметтік өзара әрекеттестік қабілеті, толеранттылық, өзін-өзі ұйымдастыру, инновациялық шешімдер қабылдау, шығармашылықты пайдалану, кәсіби және мәдени деңгейін жақсарту, соның ішінде әрі қарайғы білімін жалғастыру;
- еңбек нарығында мамандығы бойынша ең жылдам жұмысқа орналасу және кәсіптік өсу үшін түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру, білім беру және кәсіби құзыреттілік саласындағы жеке бағдарламалардың студенттерін таңдау;
- кәсіптік дағдыларды дамытуда базалық пәндерді жоғары сапалы игеру үшін жағдай жасау; шығармашылық әлеуетті дамыту, жоғары кәсіби білімнің (докторантура) келесі деңгейіне көшу бойынша бастамалар мен инновациялар.
Түпкі нәтижесі 6М012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша магистерлерді сапалы даярлау болып табылады.
Міндеттері:
- терең, қажетті және берік кәсіби білімдерін қалыптастыру;
- кәсіби дағдыларын қалыптастыру;
- жүргізілетін өндірістік жұмысты жоспарлай алуды калыптастыру мен экономикалық тұрғыда негіздей алуды қалыптастыру;
- техникалық және шығармашылық ойлауды дамыту;
- еңбекті тиімді ұйымдастыру, қажетті білік пен дағдыларын қалыптастыру;
- нақты, ғылыми-техникалық және анықтамалық кітаптар, өндіру және техникалық құжаттамамен жұмыс істеу жолын үйрену;
- қазіргі заманғы ақпараттық көздерін (интернет) үйрету;
- өз кәсібіне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу;
- оқу процесіне адамгершілік білімді жүзеге асыруға;
- кәсіби этика және ұжымда қарым-қатынас жасауды қалыптастыру;
- дене дамуы мен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосу.
- оқу процесіне қазіргі заманғы білім беру технологияларын талдау және қорыту;
- жоғары базалық білім кейінгі кезеңдерінде кәсіби қызметтің және жалғасы зерттеулер алған білімдерін пайдалану.
|
Біліктілік сипаттамасы |
Мамандықтың кәсіби қызметі сферасы:
- Бастауыш, орта және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде және жұмыс орнында кәсіптік оқыту;
- білім беру процесі мен құрымын ғылыми-зерттеу;
- өнеркәсіпте техника және технологиялар бойынша ғылыми зерттеулер жасау;
- білім беру саласындағы және жұмыс орнында зерттеу жұмыстарын дамыту және консалтинг және басқару қызметі мамандығы бойынша;
- мәдени-танымдық іс-шаралар.
|
Мамандықтың кәсіби қызметі аумақтарыболып табылады:
- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар;
- оқу-өндірістік комбинаты;
- кәсіптік мектептер мен жоғары оқу орны;
- арнаулы орта оқу орындарында;
- жоғары оқу орындары.
|
Мамандықтың кәсіби қызметі пәндері:
- орта және жоғары кәсіптік мектептерде арнайы пәндер циклін оқытушы;
- ғылыми-зерттеу ұйымдардың ғылыми қызметкерлері.
|
Білім беру траекториялары |
- «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік»
- «Ауыл шаруашылығы өндірісі»
- «Электротехника және радиоэлектроника»
|
Әр траектория бірегейлігі |
1. «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» траекториясының бірегейлігі келесі пәндерді меңгеру болып табылады:
- тоқу ісі;
- оқу құрал жабдықтарды монтаждау және қолдану;
- тұрмыс эстетикасы; тағам дайындау технологиясы;
- оқуды жобалау;
- дизайн және модельдеу.
2.«Ауыл шаруашылығы өндірісі»траекториясының бірегейлігі студенттерге сәйкес құзыреттіліктерді келесі элективті пәндерді оқу бойынша қалыптастыру:
- автоматтандыру жүйесін жобалау;
- тракторлар және автомобильдер;
- ауылшаруашылық машиналары;
- көтеру-транспорттық машиналар;
- машиналар мен жабдықтарды ремонттау;
- машинақолдану;
- эксплуатациялық материалдарды және жылуды қолдану.
3. «Электротехника және радиоэлектроника» траекториясының бірегейлігі осы аймақ төңірегінде білім, қабілет, дағдыларды келесі элективті пәндерді игеру барысында қалыптастыру:
- автоматты электрожетек;
- жылутехникасы және гидравлика;
- электраппараттары;
- электр жабдықтарды және автоматизация жабдықтарын ремонттау;
- электр сигналдарын жіберу және қабылдау;
- электр машиналары.
Бітіруші студенттер жұмысқа орналасу бойынша нақты мүмкіншіліктер алады. Кәсіби жұмыстары бойынша ғылыми және практикалық зерттеу жұмыстарына қатыса алады. Сонымен қатар студенттер тек ғана білім беру мекемелерінде емес сондай-ақ арнайы коммерциялық курстарда сабақ бере алады. |
Әр траектория бойынша оқыту нәтижелері |
«Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» траекториясы
Білуі тиіс:
- заманауи жоғарғы өндірістік машиналар мен аппаратардың құрылысы мен жұмысын;
- тігін өнімдерді және конструкциялық материалдарды өңдеудің әр түрлі әдістерін білу;
- кәсіпкерлік негіздері;
- кәсіпкерлік жүмысты эконокикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайларын ұйымдастыру;
- кәсіпкерліктің ерекшеліктері мен түрлері;
- кәсіби білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджменттің мазмұны мен құырылысы;
- педагогикалық менеджменттің әдістемелері, қағидалары, функцияларын;
- білім беру жүйесін ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету.
Істей алуы тиіс;
- өз жұмысын жоспарлай алу;
- жасалынатын бұйымға технологиялық құжаттарды жасай алу және тиімді қолдана білу;
- машиналық тігін бойынша практикалық жұмыстарды орындай алу;
- білім беру жүйесіндегі кәсіпкерлік жұмыс бойынша өздігінен шешім қабылдай алу;
- рационалды түрде басқару шешімдерін қабылдай алу;
- кәсіби білім беру жүйесіне алдыңғы қатарлы педагогикалық, ғылыми, ұйымдастырушылық және басқару тәжірибелерін енгізу.
- ғылыми әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді талдау және кәсіби, білім беру, әлеуметтік іс-шаралар түрлі ғылымдарының заманауи әдістерін қолдану;
- ғылыми түрде өз жұмысын ұйымдастыру;
- қазіргі заманғы технологиялық жабдықты эксплуатациялауға: -мамандығы бейіні бойынша кәсіби педагогика саласындағы білім мен дағдыларды тиімді пайдалану.
қабілеттілігі:
«Ауыл шаруашылығы өндірісі»»траекториясы
Білуі тиіс:
- ауылшаруашылық машиналар мен құралдардың жұмысын, механизмдердің, бөлшектердің, жүйелердің құрылысын;
- ауылшаруашылық өндіріс өнімдерінің негізгі жасау технологияларын;
- бөлшектерді қалпына келтіру технологиясының негізгі прогрессивті бағыттарын;
- машиналардың агрегаттарын және ресурстарын, берілген мамандық мамандықты есепке ала отырып ауылшаруашылықта қолданылатын жылуқондырғылар туралы білу,
- халықтық шаруашылықтағы энергетиканың орыны мен маңызы.
Істей алуы тиіс:
- ауылшаруашылық машиналарында жұмыс жасай алу және оларды қарау;
- машиналардың техникалық жағдайын диагностикалау және істен шығу себептерін анықтай алу.
Қабілеттілігі:
- сызбаларды оқу, технологиялық карталарды жасай алу;
- аулшаруашылық машналарын басқара алу, бақылау және реттеу жұмыстарын өткізу;
- машинаның імтен шығуын анықтау және қалпына келтіре алуы;
- жылуқондырғыларын есептеу дағдыларын игеру, біліктер жүйесін өлшеу.
«Электротехника және радиотехника» траекториясы
Білуі тиіс:
- практикалық мақсатта магниттік және электрикалық құбылыстарды;
- электрикалық, электротехникалық және электронды құрылғыларда болатын үрдістерді, заңдылықтарды;
- приборлардың құрылысы мен жұмыс жасау қағидасын;
- құрылғылар мен приборлардың мінездемесі;
- графикалық бағдарламалардағы негізгі жұмыстарды, автоматты жүйесінің негізгі анықтамалары мен түсініктерін.
Істей алуы тиіс:
- мектептік электротехникалық және электронды құрылғыларды қолдана алу;
- электротехникалық және электронды құрылғыларды қлдана алу;
- электрикалық, радиотехникалық тізбектерді және құрылғыларды;
- графикалық бағдарламалармен жұмыс жасай алу
Қабілеттілігі:
- сызбаларды оқу, технологиялық карталарды жасай алу;
- аулшаруашылық машналарын басқара алу, бақылау және реттеу жұмыстарын өткізу;
- машинаның імтен шығуын анықтау және қалпына келтіре алуы;
- жылуқондырғыларын есептеу дағдыларын игеру, біліктер жүйесін өлшеу.
|
Мамандық бойынша бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар (дублиндік дескриптор негізінде) |
- Дүниетанымдық құзыреттілік (ҚД) танымдық және қызмет тәжірибесін, жалпы білімді қамтуды, қоғам құбылыстарын, әлеуметтік негізді, әлемнің ғылыми бейнесін меңгеруді болжау.
- Кәсіби құзыреттілік (ҚКС) кәсіби есептерді шешуде біліктілік пен білімділік, практикалық тәжірибе негізінде нәтижелі жұмыс атқару, стандартқа сәйкес берілген тапсырмаларды орындау қабілетін болжау.
- Зерттеушілік құзыреттілігі (ҚЗ) берілген стандартқа сай есептерді орындау қабілеттілігін, кәсіби есептерді шығаруда біліктілікті және білімділікті практикалық тәжірибе негізінде табысты атқаруды көздейді.
- Коммуникативті құзыреттілік (ҚКМ) әлеуметтік қарым-қатынасты қоғаммен, ұжыммен, топтағы жұмыс дағдысы, әріптестік, толеранттылық, тіл білімін енгізу, ауызша және жазбаша диалог, монолог, іс-қағаздарын құра білу қабілетін жетілдіру.
- Өзіндік менеджмент құзыреттілігі (ҚӨ) жеке ресурстарды басқару, яғни оларды қорғай білу, іске асыра білу, дамыта білу және қолдану, өзін-өзіне қолдану көрсету.
|