Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В012100 - Казахский язык и литература в школах с неказахским языком обучения

Шифр – Мамандық

5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»

Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

5В012100- – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындаудағы білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты:
Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы кәсіби қызметіне қажетті  мәдени танымын қалыптастыруда, сапалы кәсіби білім берудің толыққанды білімін алу үшін мүмкіндіктер жасау.
Міндеттері:
-     патриотизм рухында ҚР халықтарының достығын, әртүрлі мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу.
-    жалпы адами және әлеуметтік-жеке құндылықтарды қалыптастыру;
-    құқықтық, дене дамуы, экологиялық мәдениетті және ойлау мәдениетін  қалыптастыру;
-    бакалаврдың тілдік даярлығы;;
-     қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесінің мәселелерін терең меңгеру;
-    кәсіби қызметіне қажетті іргелі білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру.

Біліктілік сипаттамасы

Мамандықтың кәсіби қызметінің салалары:
- білім беру;
- ғылым;
- мәдениет;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- баспа ісі;
- мемлекеттік қызмет және т.б..

Кәсіби қызметтің нысаны
5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» бакалавры кәсіби қызметінің нысаны болып табылады:  жалпы білім беретін мектептер, орташа арнаулы мекемелер, бюджеттік, коммерциялық мекемелер (қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер), әкімшіліктер, министрліктер, үкіметтік мекемелер (баспасөз-хатшысы, баспасөз мәселесімен айналысатын қызметкер, аудармашы) баспа (менеджер, корректор, баспасөз-хатшысы, редактор); телевидение және радио, және, т.б.

Кәсіби қызметтің пәні. 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» бакалавры кәсіби қызметінің пәні болып табылады: функционалды тіл білімі мен жүйелілік-құрылымдылық ұстанымда синхрония мен диахрониядағы қазақ тілі, қазақ әдебиеті, оның тарихи дамуы мен заманауи жағдайы.

Білім беру траекториялары

«Қазақ тілі мен әдебиеті, аударма ісі»  

«Қазақ тілі мен әдебиеті,  мәтінтану»

«Қоғамдық-әлеуметтік саладағы қазақ тілі мен әдебиеті»

Әрбір траекторияның бірегейлігі

1) Осы мамандануды бітірушілер білімділік қызметті орындай алады, сондай-ақ, заманауи кезеңдегі еңбек нарығында сұранысқа ие болып табылатын қазақ тілінен орыс тіліне аударудың әртүрлі (ауызша және жазбаша) дағдыларын меңгереді 

2) Осы мамандануды бітірушілер білімділік қызметті орындай алады, сондай-ақ әртүрлі мәтіндердегі ақпараттарды талдай және шығара, оларды өз кәсіби мақсаттарына бейімдей және түсіндіре біледі.

3) Осы мамандануды бітірушілер білімділік қызметті орындай алады, және де ғылым, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа ісі, мемлекеттік қызмет саласында және т.б.жұмыс істей алады

Әрбір траектория бойынша оқу нәтижелері

Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясы мен қазақ тіл білімінің теориялық негіздерін білуі керек.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мәні мен оқу үрдісін ұйымдастыруда өзінің кәсіби қызметін қойылған заманауи талаптар негізінде жоспарлай білуі керек.

Жалпы білім беру, базалық және бейіндік кезеңдер пәндері бойынша бұрын алынған білімдеріне сүйене отырып, жаңа білімді игеру, кәсіби міндеттерді шешу дағдылары болуы керек.

Аталған мамандықты бітірушілердің білім деңгейлеріне қойылатын талаптар (Дублин дескрипторлары негізінде)

5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» бакалавры  мынадай түйінді құзыреттілікті игереді:
1) ана тілі (қазақ тілі )саласындаТҚ1
Қазақ тілі мен әдебиеті саласында өз түсінігі мен пікірін, сезімін, фактілер мен ойын жазбаша және ауызша түрде (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) білдіре және қабылдай алады, сондай-ақ барлық сан алуан қоғамдық және мәдени контекстерде: оқу кезінде, жұмыста, үйде және тиісті ортада сәйкесінше, лингвистикалық  және шығармашылық тұрғыдан өзара әрекеттесе алады.
2) шет тілдері саласындаТҚ2
Қарым-қатынастың негізгі дағдыларын шет тілдерінде меңгереді: әлеуметтік және мәдени контекстеріне (білім беру  мен оқытуда, жұмыста, үйде және бос уақытта) лайықты  ауызша және жазбаша түрдегі ( тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)сияқты  түсінігін, ойын, сезімін айта біледі, деректер  мен пікірлерді түсіндіре алады. Мәдениаралық  түсініктер мен медиация дағдыларын меңгереді.
3)  іргелік, математикалық, ғылыми жаратылыстану және техникалық дайындық –ТҚ3
Өзінің кәсіби қызметінде күнделікті жағдаяттағы өндірістік мәселелерді шешу үшін математикалық ойлауды қолдана және дамыта білуі, презентация  (формулалар, кестелер, құрылымдар, графалар) мен ойлаудың математикалық тәсілдерін (логика мен кеңістік ойлау) пайдалана біледі.
Дәлелдемелерге негізделген мәселелер мен қорытындыларды анықтауда әлемді түсіндіре алатын білімнің негізі мен әдіснамасын пайдалана біледі, кәсіби міндеттерді шешуде  өз білімдерін және әдіснамасын қолдана алады.
4) компьютерной подготовки – КК4
компьютерлік дайындығыТҚ4
Заманауи ақпараттық технологияларды өз жұмысында, қызметі мен тілдік қарым-қатынаста сенімді және сыни тұрғыдан қолдана алады, кәсіби әрекеті саласында ақпаратты өңдеу, толықтыру, қалпына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну және алмасу, ғаламтор арқылы серіктес жүйелерде қарым-қатынасқа қатысуда қолдану дағдыларын игереді;
5) оқу дайындығыТК5
Кең ойлау өрісі мен мәдени ойлау жүйесі бар жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін филология пәндері (ғылым)саласындағы базалық білімдерді игереді:
Үздіксіз оқудың қажеттілігін саналы түрде түсінеді, қолжетімді мүмкіндіктерді таба алады, оқуды табанды түрде жалғастыруға, алдыға ұмтылуға тырысады,
Өз оқуын ұйымдастыра алады,соның ішінде жеке  және топтағы сияқты да  уақыт пен ақпаратты тиімді түрде басқара алады; кәсіптік және жеке өсуге ұмтылады; кәсіби қызметі мен магистратурада оқуын жалғастыруға аса қажетті жаңа білімдерді игеруге құштарлық дағдыларын меңгереді;
6) әлеуметтік дайындығы (жеке тұлғалық, мәдени аралық, азаматтық құзыреттілік) – ТҚ6
Қоғамдық және еңбек өміріне, атап айтқанда, барлық әртүрлі қоғамдарға тиімді және конструктивті түрде араласуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда шиеленістерді шешуге қажетті барлық мінез-құлық түрлерін игереді, әлеметтік, саяси ұғымдар мен құрылымдар жайлы біліміне сүйене отырып, азаматтық өмірге толығымен араласуға, белсенді, демократиялы түрде қатысуға дайын болады;
Ұжымда, отбасында, әлеуметтік ортада, әлемде өмір сүре алады, өз бойында басқа адамдарды қабылдауды, түсінуді, оған құндылық ретінде қарауды тәрбиелей алады; әлемдегі өзара байланысты түсіну сезімі жетілген, коммуникативтілігі жоғары, шиеленістердің алдын алу және шеше алу мүмкіндігі болады; ымырашылық таба алады, өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіре алады;
Іскери этика нормаларын сақтап, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын меңгереді.
7) кәсіпкерлік- экономикалық дайындық - ТҚ7
Менеджмент, маркетинг, қаржы, және т.б. жөнінде ғылыми түсінік беретін экономикалық білімдердің негіздерін меңгереді, экономиканы мемлекеттік басқарудың мақсаты мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін біледі және түсінеді;
Идеяларды әрекетке айналдыра алады, кәсіби міндеттерді шешу үшін жобаларды жоспарлап, басқара алады, этикалық құндылықтарды түсінеді;
Адамдармен тіл табысып жұмыс істей аады, тапсырыс беруші, персоналды басқару, тұтынушылармен өзара әрекет, рұқсат беруші құзыретті мекемелермен жұмыс, билік өкілдерімен жұмыс саласындағы білімдерді меңгереді; Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамаларының негіздерін, қоғамның әлеуметтік даму үрдісін біледі;
8) мәдени дайындық - ТҚ8
Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін біледі;
Идеяларды, тәжірибе мен эмоцияларды түрлі құралдармен шығармашылықпен көрсете алудың маңыздылығын түсінеді;
Әлемнің басқа елдерінің дәстүрлері мен мәдениетіне толерантты, толерантты мінез-құлықтың, тұрмыстық расизмнің, ксенофобияның, экстремизм мен оларға қарсы тұрудың маңыздылығын түсінеді және сезінеді, толерантты тұлға ретінде қалыптасқан, басқа мәдениет өкілдерін мойындайды, қабылдайды және түсінеді;
Білімді жинақтау қабілеті бар, зияткерлік қарым-қатынас саласында жеңіл тіл табысады, шовинистік сипаттағы алдын-ала қате пікірге бой алдырмайды; жоғары рухани сапаларға ие, иялы тұлға ретінде қалыптасқан.
9) жалпы құзыреттіліктер - ТҚ9
Сыни тұрғыдан бақылау, интерпретация жасау, талдау, қорытынды жасау, баға беруге қажетті дағдыларды игерген;
Креативтілік (шығармашылық) сапаға ие: бір аспектіден келесіге өту, жалпыға белгілі, жалпылама, жалпыға түсінікті, қарапайым, қалыптасқан идеялардан түбегейлі алшақ жаңа идеялар ұсынады, мәселенің түпкі негізін көре біледі, стереотиптерге қарсы шыға алады.
Белсенді өмірлік ұстанымды берік ұстана алады, басқа индивидтерге қатысты өзінің жеке мінез-құлқын көрсете алады, топта, ұжымда басқаларға зиянын тигізбестен және нормативтік регламенттер аясында көшбасшы болуға ұмтылады:
Топта жұмыс істей алады, өз көзқарасын сауатты түрде дәлеледей алады, жаңа шешімдер ұсына алады: түрлі әлеуметтік жағдаяттарда адекватты түрде бағдар жасай алады

× You found a Typo