Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Шифр – Мамандығы 5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

5B012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы кәсіби қызметінің аймағына келесілер жатады:

  • әр түрлі білім беру мекемелеріндегі, арнайы мекемелердегі, бос уақытты өткізу ұйымдарындағы қызметіндегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет;
  • білім беру аумағындағы ғылыми-зерттеу саласы;
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бакалавры бойынша алынған біліктілікке сәйкес мәдени-танымдық және басқару қызметі.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектісі:

  • жалпы білім беру мектептері, лицейлер, гимназия, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, интернаттар;
  • оқу-өндірістік комбинаттар (бірлестіктер), оқу-курстық жүйелер, дайындау бойынша орталықтар, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта дайындау.
  • сауықтыру орталықтары, колониялар, балалар үйі және ауытқушылықтары бар балаларға арналған арнайы мектептер.
  • арнайы мекемелердің әлеуметтік-педагогикалық қызметі (қарттар үйі, оңалту оралықтары, жұмыспен қамту орталықтары және т.б.).
  • балалар құқығын қорғау бойынша комитет, ақыл-ойы және физикалық ауытқушылықтары бар балаларды қолдау департаменті.
  • мектеп лагерлері, клубтар, қоғамдық ұйымдар.
Біліктілігі

Білім беру жүйесінде әлеуметтік педагог, баланың құқығын қорғау бойынша және тағы басқа түрлі тұрғындық санаттағы әлеуметтік қолдау ұйымдарында маман  қызметінде жұмыс жасай алады.

Кәсіби қызметтің пәні болып табылады: толыққанды әлеуметтенудің үрдісі, діни-адамгершіліктік білім беру және балалар мен білім алып жүрген жастардың құндылық-мақсатты бағдарымен, міндеттерімен, құрылымымен әдістерімен, түрлері және нәтижесімен бірге тұлғалық дамуы; жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарында коррекциялық-педагогикалық және тәрбиелеу қызметін ұйымдастыру; балалардың және білім алушы жастардың тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуін зерттеу; әлеуметтік және тұлғалық дамуы кезінде зиян көрген адамға барлық қолдауды көрсету.

Білім беру траекториясы

Өзін-өзі тану мұғалімі

Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагог

Әрбір траекторияның бірегейлігі

Аталған траектория бойынша қызметі өсіп келе жатқан ұрпақтың діни-адамгершілік білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған, «Өзін-өзі тану» оқу пәнін оқыту саласындағы бакалаврды кәсіби дайындау жүргізіледі.

Әрбір траектория бойынша оқыту нәтижесі

Траектория «Учитель самопознания»:

Білу:

  • педагогикалық ғылым және білім беру жүйесінің даму болашағы мен негізгі бағыттары;
  • қоғамдағы тұлға қалыптасуы процесінің мәні;
  • балалар, жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық психология;
  • заманауи білім беру технологиялары,тұлға дамуының және білім алу сапасы мониторингінің әлеуметтік-педагогикалық әдістері.

Қолдана білу: кәсіби тәжірибелік қызметте теориялық білімді қолдану.

Беріліп отырған пән ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды тәрбиелеу және білім беруді жүзеге асыру дағдысына ие болу.

Траектория «Социальный педагог в системе образования»

Білу:

  • әлеуметтік саясат негізін, еңбек және отбасы заңдарын;
  • жалпы және әлеуметтік педагогика;
  • балалар, жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық психология;
  • әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістерін, сонымен қатар тұлға әлеуметтенуі мониторингін.

Тұлғаны әлеуметтік қорғау және дамыту, білім беру, тәрбиелеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыра білу.

Дағдыларға ие болу:

  • тұлға және қоғам арасындағы делдалдылық;
  • түрлі әлеуметтік қолдау түрлі арқылы көмекті қажет етушілерге көмек көрсетуде әр түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандарымен өзара әрекеттесу.
Мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар (Дублиндік дескрипторлар негізінде)
  1. Білу және түсіну: орта жалпы білім беру негізінде қалыптасқан білімдерін көрсету және түсіну және білім алмастырумен байланысты белгілі бір қырларын білу;
  2. Білім мен түсінікті қолдану: мамандығына немесе еңбек іс-әрекетінде кәсіби бағыты жайында өз білімін қолдана алу, мәселені шешу жолдарын қарастыру мен негіздей алу құзыреттілігінің болуы.
  3. Пікір айту: әлеуметтік, ұлттық және ғылыми ойларды ескере отырып пайымдау үшін ақпараттарды жинақтау және талдау;
  4. Коммуникативті қабілеттілік: мамандарға және маман емес тұлғаларға идеяларды, ақпараттарды беру, мәселерді шешу жолдарын көрсету;
  5. Оқуға қабілеттігі: жоғары дербестік деңгейімен оқуды жалғастыру іскерлігі. .
× You found a Typo